Фото: ашық дереккөзден
Алматыда қала шетіндегі өзеннің жанынан өлі күйінде табылған сәбидің анасы екі күннен бері ізделіп жатыр. Пакетке оралған баланы жергілікті тұрғындар тапты, деп хабарлайды КТК.
Жаңа туған шақалақты жергілікті тұрғынның иті тапқан. Оқиға бірнеше күн бұрын болған. Куәгерлер баланың денесі бірнеше күн бойы өзенде жатқанына сенімді. Дегенмен сәбидің анасы кім екені әзірге белгісіз. Себебі жақын маңайда жер үйлер көп.
Нәрестенің денесі табылғаннан кейін полиция тергеу ісін бастады. Оның анасын іздеу жұмысы бүкіл қала бойынша жүріп жатыр. Қазір перзентханалар мен медицина мекемелерінің қызметкерлерінен жауап алынып жатыр. Себебі ол жүктілік уақытында дәрігердің қабылдауында болды немесе перзентханалардың бірінде босанды деген нұсқа да бар.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті іс-шаралар жүріп жатыр. Өлім себебін анықтау және ата-аналарды анықтау бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды,
деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…