Фото: ашық дереккөзден
Оқу жылы жақындаған сайын тұрғын үй бағасы әрдайым шамамен 30-40 пайызға көтеріледі.
Бұл – бизнес.
Жылжымайтын мүлікті жалға беру жөніндегі сарапшы Нұрасыл Нұрғалиевтің айтуынша, бағаның өсуі оқу маусымының жақындауымен және соған орай қала сыртынан келетін студенттер ағынының көбеюіне байланысты болады.
Қазіргі уақытта жалдау ақысы орташа есеппен 250-ден 350 мың теңгеге дейінгі аралықты қамтиды. Бұл Абай — Байтұрсынов және Көктем ауданындағы баға.
Крыша.кз сайтына кіріп бір бөлмелі пәтерді таба алмайсың. Кемінде 400 мың сұрайды. Бұл бүгінгі таң қаларлық құбылыс емес, аталмыш бағалар көктем-жаз айларының басында да дәл осылай сақталып тұрды. Пәтердің көлемі кішкентай ғана, бір адамға арналған. Студент болсаң, 400 мыңды қайдан табасың? Студентті қойшы, қарапайым жұмысшының өзі қырып ақша тауып отырған жоқ. Бұл ретте арнайы бақылап отыратын орган жоқ. Жекеменшік пәтер иелері дәмеленген бағаларын қойып, ақшаның астында қалып отыр. Бұл сомаға тіпті коммуналдық шығындар да, интернет те кірмейді. Ең өкініштісі, сенімді деген сайтты да алаяқтар басып алған. Өтірік суреттермен халықты тонап жүргендері қаншама.
Дегенмен Наурызбай, Алатау, сондай-ақ Жетісу аудандарында жалға алу құны арзанырақ.
Тұрғындар басқа қалалардан келеді. Сол үшін әрине сұраныс өте жоғары. Сол себепті де үй иелері бағаны көтеріп жібереді.
деп отыр мамандар.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…