Алматыда жанармай құю бекетіне шабуыл жасаған күдіктілер анықталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Ұрылар жанармай бекетіне түнгі екіде шабуыл жасаған. Бетперде киген екі адам қолдарында шеге суырғыш және балтамен жанар-жағармай құю бекетіне кіріп, кассир мен күзетшіні артқы бөлмеге қамап, қызметкерлердің телефондары мен кассадағы ақшаны ұрлап кеткен. Шабуылдаушылардың барлық әрекеті бейнебақылау камераларына жазылып қалған. Күдіктілер сол күні анықталып, қамауға алынды. 100 мың теңге мен екі телефонды қолды қылған.
Олар – 23 жастағы Т. есімді және 22 жастағы М. есімді ер адам. Бұл дерек соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді,
деді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Елнұр Құдіретбаев.
Күдіктілер — басқа жақтан келгендер. Олар Алматыға жұмысқа орналасу үшін келген, бірақ ақша табудың бұдан басқа оңай жолын ойлап таппаған. Шабуылдаушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қызметкерлері олардың жеке басын, бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріп жатыр.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…