Categories: Оқиға

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды

Кеше түнде сағат 23:30-да Алматыдағы әл-Фараби даңғылында ірі жол апаты болып, салдарынан үш адам қайтыс болды.

Chevrolet cobalt маркалы автокөлік даңғылмен шығыс бағытта келе жатып, рөлді басқара алмай қарсы бағытқа шыққан. Сөйтіп, Tesla маркалы көлігін сырғып өтеді. Ал сол сәтте Toyota Camry және Toyota Tundra көліктері де жүйткіп келе жатқан. Жүргізушілер барынша маневр жасап, соқтығыспаудың амалын жасағандарымен, бірақ ірі жол апаты орын алды.

Алдымен, Camry жолдан шығып кетіп, арыққа құлады. Ал Toyota Tundra джипі Chevrolet-пен соқтығысты. Chevrolet көлігінің жүргізушісі мен оның 19 жастағы екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Олар салонда қысылып қалған.

Апат орнына құтқарушылар мен дәрігерлер келген, алайда жігіттер жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago