Алматыда жапырақпен жабылған шұңқырдан адам денесі табылды

Ішімдікке тойып алған ер адамдар арасында жанжал туындап, арты өлімге әкелді.

Түрксіб аудандық Полиция басқармасына адамның жоғалғаны туралы арыз келіп түскен. Туыстарының айтуынша, ер адам досына барып келемін деп кетіп, қайтып оралмаған. Сыртқы қызметтердің жеке құрамы арасында іздеуде жүрген адамның белгілері бар бағдар дереу таратылды. Белгіленген аумақты жетік білетін патрульдік полиция қызметкерлеріне бірінші кезекте тұрмысы нашар үйлерді тексеру қиынға соққан жоқ. Үйлердің бірінің ауласында топырақ пен жапырақ басқан шағын шұңқырдан зорлықпен өлтірілген жоғалған адамның денесі табылды.

ІІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, құрамында полицей Шыңғыс Нұрахметов, Мәди Белгібаев, Шухрат Біләлов және Наурызбай Дәнекеев болған «Боран-292» патрульдік экипажы қылмыс орнында сол үйде тұратын күдіктіні ұстады.

Ол кісі өлтіруді бірге ішімдік ішкеннен кейін жасаған. Алдымен ер адамдар арасында жанжал туындап, ол төбелеске ұласқан,

деді полиция өкілі.

Сонымен қатар Алматы қалалық ПД Кадр саясаты басқармасы хабарлағандай, Полиция департаменті бастығының бұйрығымен ауыр қылмыстың бетін «ізін суытпай» ашқаны үшін патрульдік полиция полкінің инспекторлары марапатталды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 день ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago