Алматыда жас келіншек 8-қабаттан секіріп кетті

Суицид жасаған жүкті әйелдің өліміне қатысты тың деректер шықты.

Алматыда 22 жастағы жүкті әйел тұрғын үй кешенінің 8-қабатынан секіріп кетті. Ол ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

Куәгерлер «жас әйелдің мұндай қадамға баруына отбасылық жанжал себеп болуы мүмкін» дейді. Жантүршігерлік оқиға түн ортасында көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Әйелдің құлап түскен жерінде әлі қанның ізі байқалады. Жұбайының айқайлап жылаған дауысынан оянып кеткен көршілер дереу жедел жәрдем шақырып үлгерген. Бұл жағдай тұрғындардың зәресін ұшырды. Куәгерлер әйелдің қан-жоса боп жерде жатқанын айтады. «Үйінде ұрыс-керіс болған тәрізді»,- дейді.

Мен үйде отырғанмын. Біреудің гүрс етіп құлағанын естідім. Айқай-шу көтеріліп кетті. Күйеуі бірден жүгіріп келді. Мен де шығып, жедел жәрдем шақырдым. Әйелдің қол-аяғы сынды. Күйеуі кеше өзін тым эмоционалды ұстаған еді. Маған ол мас болып көрінді,

дейді куәгер Мирас Жақыпов.

Тұрғындар жедел жәрдемді ұзақ күтіп қалғандарын айтады. «Аула тар, сондықтан жедел жәрдем немесе өрт сөндіру көлігі кіруі қиын» дейді.

Жедел жәрдемді 40 минут күттік. Олар жеткен соң, ауламызға біраз уақыт кіре алмай, айналып жүрді. Себебі, тұрғындардың көліктері аулаға кірер жолды жауып тастаған екен. Орын жоқ. Әйтеуір, дәрігерлер әйелді зембілге салып, алып кетті. Ол кезде әйел тірі еді,

Жұмағали Әлімжанов.

Науқас клиникалық өлім диагнозымен 7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Жүктіліктің 9-10 аптасында болғаны анықталды. Дәрігерлер реанимациялық іс-шараларды жүргізгенімен, зардап шегуші есін жимастан дүниеден өтті. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды».

Алматы қалалық полиция Департаменті аталған деректің Наурызбай аудандық полиция Басқармасымен ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлайды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды,

дейді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Әйелдің өзіне қол салуына себепкер болған кінәлілер анықталса, заң бойынша үш жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 день ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago