Оқиға

Алматыда жатақхана өртеніп, 13 адам көз жұмды

Қаза тапқан 13 адамның 8-і Пәкістан азаматтары болған. Олар Асфендияров атындағы медунивердің студенттері. Қаза тапқандар 25-30 жастағы адамдар.

2 адам ауруханаға жеткізілген.

Хостелдің ашылғанына 1,5 ай болған. Және мұндай қызметпен шұғылдануға рұқсаты болмаған.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 30 қараша күні сағат 05:33-те Әди Шәріпов көшесіндегі өрт туралы хабарлама түсті.

Бірінші өрт сөндіру бөлімі шақырту орнына 7 минут ішінде келді. Келген бойда 1 қабаты және жертөлесі жатақханаға айналған 3 қабатты тұрғын үйдің жанып жатқаны анықталды.

Алдын ала ақпарат бойынша өрттің жалпы ауданы – 30 шаршы метр. Өрт 06:22-де жойылды.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес хостелде 72 адам болған. Оның 59-ы өрт сөндірушілер келгенге дейін сыртқа шығып үлгерген. Өртті сөндіру барысында 13 адамның денесі табылды. Олар көміртегі тотығынан уланып қайтыс болған.

Өрт болған жерге Алматы қаласы ТЖД 46 адам және 13 бірлік техника жұмылдырылды. ТЖД өрт пен қаза болудың себебі анықталып жатқанын, ақпарат түсуіне қарай толықтырылатынын мәлімдеді. 

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago