Оқиға

Алматыда жігітпен кездесуге кеткен бойжеткен өлі күйінде табылды

Алматыда ер адаммен кафеге кездесуге кеткен бойжеткен өлі күйінде табылды. Оқиға 16 қазанда болған.

Марқұмның туыстары полиция қылмыстық істі «кісі өлтіруден» «абайсызда кісі өлтіру» бабына ауыстырып жібере ме деп күдіктенеді. Бұл туралы angry_taldyk инстаграм парақшасында жария болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алғашқы кезде екеуі бір-бірімен жылы қарым-қатынаста тілдесіп отырған. Сәлден соң ер адамның біртүрлі әрекеттері байқала бастаған. Ол қызға тиісе бастаған, Айнагүлге оның қылықтары бірден оғаш көрінеді. Бастапқыда тыныштандыруға тырысқан қыз жанжалдың арты жақсы болмайтынын біліп 102-ге хабарласқан.

Кафедегі басқа демалушылар ер адамның қызды сыртқа сүйреп шығарғанын көреді. Көшеде шын мәнінде не болғанын ешкім нақты айта алмайды. 20 минуттан кейін Айнагүлді полицейлер өлі күйінде тапқан.

Күдікті ешкімді өлтіргісі келмегенін оны жай итеріп жібергенін айтады.

Ол бордюрге құлап, басына алған ауыр соққыдан мерт болған. Алғашқыда ер адам қорқып, қашып кеткенімен кейін қайтып оқиға орнына келді. Алайда жедел жәрдем шақыру үшін емес, қыздың өзімен бірге алып кеткен ұялы телефонын қайтарып беру үшін. Бұл тонау ма? Әлде оның телефонын алсам сол кеште кіммен кешкі ас ішкенін ешкім білмей қалады деп ойлады ма? Қылмысын осылай жасырмақ болды ма?

дейді Айнагүлдің туыстары.

Оқиғадан кейін ұсталған азаматтың туыстары кешірім сұрау үшін марқұмның ата-анасының үйіне барған.

Ол отбасында жалғыз ұл екен. Біз бәрібір кешірмейміз. Өйткені қызымыздан айырылып отырмыз. Ол қылмысы үшін жауап беруі керек.

Қайтыс болған қыздың туыстары күдікті лайықты жазадан сытылып кете ме деп алаңдайды. Олардың ойынша, Алматы қаласының Полиция департаментіне қарасты Түркісіб полиция бөлімі істі «кісі өлтіру» бабынан «абайсызда адам өлтіру» бабына ауыстырып жіберуі мүмкін.

Қайғыдан қан жұтқан марқұмның ата-анасы кеше баласын жер қойнына тапсырды. Олар тек істің әділетті шешелгенін қалайды.

Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасымен ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Осы қылмысты жасады деген күдікті 1991 жылы туған Т.есімді азамат ұсталды және қамауға алынды. Қылмыстық істің шеңберінде тергеу әрекеттері тергеудің объективтілігі, жан-жақтылығы және толықтығы қағидаттарын қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады. Сараптама тағайындалды. Тергеу барысы ПД басшылығының бақылауында,

делінген Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago