Фото: ашық дереккөзден
Бекмырза Игенбердинов 160 мың доллар пара алып жатқан жерінен ұсталған.
Қыркүйектің соңында Бекмырза Игенбердинов “Алматыэлектротранс» ЖШС бас директоры қызметінен босатылып, екі айға қамауға алынды. Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, Игенбердиновті Алматыда 160 мың доллар пара алып жатқан жерінде «Антикор» қызметкерлері ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі.
Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қкілдері (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Игенбердиновтың пара алу фактісін растап, оны не үшін алғанын да айтып берді.
Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет атқарылған жұмыстар актілеріне қол қою және олар бойынша төлемдерді іске асыру үшін 160 мың АҚШ доллары көлемінде пара алу фактісі бойынша «Алматыэлектротранс» ЖШС басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр,
делінген ресми сауалға берген жауапта.
Алматы «Антикоры» 28 қыркүйекте Бекмырза Игенбердинов ұсталып, Алматы қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын нақтылады.
Басқа ақпарат, департаментте атап өтілгендей, жария етуге жатпайды.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…