Алматылық фирма Меккеге барғысы келгендерді алдап соққан

Қажылықсыз және ақшасыз қалдырған туристік компаниясына қатысты алаяқтық бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Киелі жерге барып құлшылық етуге ниетті жұрт саяхат ұйымдастыруға уәде берген компанияға хабарласқан. Барғысы келген 23 адамның әрқайсысы 2 млн теңгеден ақша шығарған. Осылайша, бес парызының бірін орындамақ болғандар алданып қалыпты.

ER-Alico Rauda туристік компаниясына жалпы көлемі 60 млн теңге түскен. Ал компания клиенттерін не Меккеге апармаған, не ақшасын қайтармаған. Жұрт туристік агенттік алдына жиналып, шу шығаруға мүжбүр болыпты.

Зардап шеккендердің бірі Ғұламсахи Айтқожа жұбайымен бірге өмір бойы қажылыққа баруды армандағанын айтады. Жетпеген ақшаны бүкіл ауыл болып, туған-туыс тауып беріпті. Сөйтіп Түркістан қаласының тұрғыны қажетті соманы қалтасына салып, алматылық фирмаға жүгініпті. Компанияға 4 млн 400 мың теңге берген. Бірақ қасиетті мекенге жете алмай, ақшасын да қайтара аламай сандалғанын айтады.

Ақшамыз жоқ, баратын есігіміз жоқ. Үйге барайық десек, туысқандар мен кешегі берген адамдар келіп, «не қылдыңдар» дейді. Не дерімізді білмейміз. Намаздан да қалдық, мешітке де бара алмайтын болдық, ұялғаннан,

дейді Ғұламсахи Айтқожа.

Тағы 20-жуық адам алаяқтардың құрбаны болды. Олар бірнеше рет келген туристік фирмада ешкім отырмайтын көрінеді.

Абдукасимов Ерлан өз кінәсін мойындап отыр. Бріақ ақшаны қайтарғысы жоқ. Ертең, бүгін деген уәдесінен шаршадық. Біз 23 адам болып, әрқайсымыз 2,5-3 млн ақша бердік,

деп шағымданды тағы бір жәбірленуші Марат Уәлиев.

Бірнеше сағаттан соң компания директоры байланысқа шықты. «Алматыда емеспін» деген ол проблеманы өзге компанияларға сілтеумен болды. Ал қаражатты осы айдың соңына дейін толық қайтармын деп сендіріп отыр.

Алайда алданған жұрт полицияға арыз жазып үлгерген.

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 190-бабының нормаларымен бірыңғай соталды тізімге енгізіліп, қазір арнайы жедел іздестіру тобы құрылды. Заң бұзған болса, заң шеңберінде жауап береді,

дейді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қылмыс анықталса, компания басшысы 3 жылдан 12 жылға дейін жазасын өтеуі мүмкін. Ал, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы елімізде қажылықты ұйымдастырумен небәрі 14 туристік фирма айналысатынын еске салды.  Er-Alico Rauda компаниясы оның ішіне кірмейді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago