Фото: qaz365.kz
Парламент Мәжілісінің қазіргі құрамы 16 қаңтарда таратылуы мүмкін. Қазіргі депутаттардың жұмысына алматылықтардың көңілі тола ма? Олардың сүйікті депутаты кім? Qaz365.kz қала тұрғындарынан сұрап көріпті.
Сауалнама қатысқан тұрғындар депутаттардың атын атай алмады, сондай-ақ олардың жұмысына көңілі толмайтынын айтады. Олардың көбі халыққа ең жас депутат ретінде танылған Мәди Ахметовтің білетінін айтты.
Депутаттардың жұмысы қанағаттанарлық емес. Ең жас депутат Мәди Ахметовті танимын. Оны үздік деп айта алмаймын, көп сынға алынғаны үшін ғана танимын.
Олар жұмыстарының нәтижесін көрсеткен жоқ. Теледидарда, сессияларда айтатындарын айтады, іс жүзінде атқарғаны шамалы.
Алматылықтардың арасында жаңа депутаттар сайланса да, елімізде ештеңе өзгермейді деп санайтындар да бар.
Ештеңе өзгермейді ғой. Сол баяғы саясат. Жаңа Қазақстан дегенмен, отырған кісілердің бәрі ескі Қазақстанның адамдары. Жақсы депутаттар бізде ілуде бір. Сондай деп Қазыбек Исаны айтсақ болады.
Ал кейбір қала тұрғындары қазіргі депутаттарға қарағанда бұрынғы депутаттардың жақсы жұмыс атқарғанын атап өтті.
Бұрынғы депутаттардай қазір депутат жоқ. Бұрындары Айталы Амангелді секілді ұлтқа жаны ашитын депутаттар болды. Қазіргі депутаттарды білмеймін.
Депутаттар қазақтың мүддесіне жұмыс істеуі қажет. Халық соны күтеді. Баяғы Ғани Мұратбаев секілді қайраткерлер керек. Қазақ халқы қазір соған зәру болып тұр. Қайраткерлер жоқ деп құр шөппен ауыз сыпыруға болмайды. Бар. Бірақ олар көбейіп, бірігіп, халықтың өтінішін жеткізсе, нәтиже береді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…