Алматының кинорумында 20 жасар қыз зорланды

Олар бостандықта жүр. Ал зорлаған жігіттердің туыстары жәбірленушіні қорқытып отыр.

Үш жігіт Алматының кинорумына барған 20- жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді.

Әділдік іздеп, қорланған қызға адвокат пен психолог іздеп НемолчиКZ қоры әлеуметтік желіде жазба қалдырды.

Оқиға 13-нен 14-не қараған түні болған. Жәбірленуші қыздың айтуынша, күдіктінің бірі оның танысы. Ол өзі басқаратын кинорумға қызды шақырған. Ал кейін үш жігіт жас қызды зорлаған.

Жаңағы директор сымақ ойына келгенін жасаған соң қызды қорқыта бастапты. Полицияға арызданса, жалаңаш видео мен суреттерін интернетке жайып салатынын жеткізіпті.

Қыз мұндай қорлыққа шыдай алмағандықтан барға барып, қолына түскен бөтелгені шағып, өз-өзіне қол жұмсауға дейін барды. Үшеуі де қорыққандарынан оқиға орнынан қашып үлгерген. Екуі әлі бостандықта жүр. Бірін кеше полиция ұстап, жауап алды. Артынша босатып жіберіпті. Енді сараптама қорытыдындысын күтеміз.

Дәл осы жағдай болған кезде кинорумның қызметкерлері орындарынан табылмағаны қалай? Әдетте бәрін бақылап отыратын администратор мен кассир бір сәтте қайда жоғалып кеткен? Күнде істеп тұратын бақылау камералары да сол сәтте сөніп қалған-мыс.

Жәбірленген қыз полиция шақырып үлгерген. Бостандық ауданында қылмыстық іс қозғалды. Ал айуандық жасаған үш күдіктінің туыстары енді қыздың соңына түсіп алыпты. Қорқытып жүрген көрінеді. Оны неге бақылауға алмайды? Күдіктілер неге әлі бостандықта жүр?

Топтық зорлау – ауыр қылмыс. Ол үшін 9 жылдан 12 жылға дейін темір торға қамалады. Ал бұл жағдайда суицид жасауға алып келгенін ескеру керек.

Біздің елде парадокс көп. Былапыт сөздер үшін айыппұл салады. Көшеде түкірсең жазалайды! Темекі шексең де полиция жылт етіп пайда бола кетеді. Ал қылмыс жасаған айуандарды не көрмей қалады, не естімей қалады. Соңында келіп жәбірленушінің өзіне кәні тағады. Біздің қоғамда «бардак» көп. Айдың аманында балалар мен нәзік жандардың өміріне расымен де қауіп төніп тұр.

Біздің редакция полиция департаментіне ресми комментарий беруін сұрап хат жолдады. Жәбірленуші тарапынан арыздың түскені расталды.

Алматы қалалық полиция департаменті 2002 жылы туған азаматша К. арызы ҚР ҚК 120-бабының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне тіркелгенін хабарлайды. Іс жүргізу аясында тергеу сот-медициналық сараптама тағайындады. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 24-бабы бойынша істі толық және объективті тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат жариялауға жатпайды,

деп жауап қайтарды Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сая Манарбековна

View Comments

  • Оңбағандардың жазасын беру керек, кинорумның атын жазып жауып тастайық! Петиция жинау керек сияқты!

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago