28 қыркүйекте Алматыда сағат 12:55-те дабыл белгісі іске қосылады. Бұл туралы Алматының төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
29 қыркүйек сағат 12.55-те Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті қоғамдық ескерту жүйесінің дайындығын жоспарлы техникалық тексеруден өткізеді. Жаттығу кезінде «Назар аударыңыздар!» хабарламасымен бірге электронды дабыл іске қосылады. Оған қоса, телерадиоарна жұмысы автоматты түрде тоқтатылып, дабыл хабарламасы таратылады,
делінген департамент таратқан хабарламада.
Ведомство Алматы тұрғындары мен қонақтарынан дүрлікпеуді сұрайды.
Бүкіл ересек адам өзі үрейге берілмей, балаларға сиренаның дыбысы дабыл белгісі екенін түсіндіруі қажет. Подъезд және тұрғылықты жері бойынша көршілерге хабарлаңыз, олар ақпаратты естімеген болуы мүмкін. Кез келген дүрбелең мен қауесетті дереу тоқтатыңыз,
делінген хабарламада.
Дабыл кезінде үйде болсаңыз:
— радиоқабылдағышты немесе теледидарды қосыңыз;
— төтенше жағдай туралы хабарламаны тыңдаңыз;
— берілген хабарламаға сай әрекет етіңіз.
Дабыл кезінде көшеде болсаңыз:
— көшедегі дауыс зорайтқыштармен және мобильді ескерту құрылғыларымен жіберілген төтенше жағдай туралы хабарламаға құлақ асыңыз;
— берілген хабарламаға сай әрекет етіңіз.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…