Categories: Қоғам

Алматының таулары кімнің меншігіне өтіп кеткен?

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярға және Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Ноғайұлы Асыловқа сауал жолданыпты.

Мемлекеттік АИС ГЗК базасы бойынша Алматы қаласының Бостандық ауданындағы «Іле Алатауы» ұлттық саябағымен шекаралас «Ерменсай» ықшам ауданының тау бөктерінде орналасқан, нақтылап айтқанда, 20-313-061-159, 061-162, 061-169, 061-157, 061-166, 061-158, 061-156, 061-163, 061-165, 061-170, 061-180, 061-160, 061-164 сияқты 18 кадастрлік номерлі жерлер жеке меншікке өтіп кеткен.

Ең сорақысы – осы аталған жерлердің бір ғана иесі бар, ал жердің жалпы көлемі 1 мың шаршы метрден асып кеткен. Жалпы 18 жер учаскесінің аумағы таудың 14,6 шаршы километрін құрайды. Басқаша айтқанда, Алматы қаласы Бостандық ауданының жалпы жер көлемінің 5/1 бөлігін құрайды.

Аталған барлық учаскелердің жерге байланысты жеке меншік құқығы 2016 жылы қаңтарда, яғни Бауыржан Байбек Алматы қаласының әкімі болып тұрғанда тұста пайда болған. Ал бұдан бұрын аталған жерлер Алматы облысының Қарасай ауданы арқылы мемлекеттік меншіктен жеке меншікке өтіп кеткен болатын.

Барлық жеке меншікке өткен жерлердің нысаналы мақсаты – ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру болып табылады. Ең қауіптісі – таулы бөктердің 80 гектар көлеміндегі жер алқабы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру мақсатынан бағбандыққа ауыстырылып, 80 гектар жер 600 жер теліміне бөлінген.

Енді осы 600 жер учаскесінде тұрғын үй құрылысының бой көтермеуіне кім кепілдік береді? Жеке меншік құқыққа беріліп кеткен 1 мың гектар жердің нысаналы мақсатын біртіндеп ауыстырып, бөліп-бөліп, құрылыс жүргізбейтіндігіне кім кепілдік береді?

Жер саласы бойынша сарапшы-заңгер ретінде және Алматыдан Мәжіліске сайланған депутат ретінде мені толғандыратын дүние – неліктен бұл жерлерге Жер ресурстарын басқару комитеті мен оның Алматы қаласының департаменті тексеріс жүргізіп, осы уақытқа дейін бұл жерлерді мемлекеттік меншікке қайтармағаны. Алматы қаласының прокуратурасы мен әкімдігі аталған жерлерді не себепті мемлекеттік меншікке қайтармағаны көп сұрақты туындатады.

Айта кететін жағдай, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңға сәйкес, аталған 2 км жер «Іле Алатауы» ұлттық саябағының қорғалатын аймағына кіруі тиіс еді, бірақ та Алматы қаласы әкімдігінің әрекетсіздігі салдарынан қорғалатын аймаққа кірмей қалып отыр.

Жағдайдың сорақылығы соншалық, Іле Алатауы баурайындағы тау бөктерлері Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай аудандарында жеке меншікке беріліп кеткен. Екі ортада халық тау бөктерінде мал жаю мүмкіндігінен айырылып отыр және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға емін-еркін кіріп-шығу құқығынан да шектелген.

Сондықтан аталған жағдайдың өзектілігі мен көкейтестілігін ескере отырып:

  • біріншіден, Алматы қаласының Медеу, Бостандық және Наурызбай аудандарының шегінде «Іле Алатауы» ұлттық саябағының 2 шақырымын қорғалатын аймақ етіп бекітуді;
  • екіншіден, «Іле Алатауы» ұлттық саябағының Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай аудандары мен Алматы қаласы Медеу, Бостандық және Наурызбай аудандарының шегіндегі жерлердің нысаналы мақсатын елді мекен шегінде шаруа қожалығы мен ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру қызметі түрінен жеке тұрғын үй құрылысы үшін, жеке қосалқы үй шаруашылығы үшін ауыстыруға ресми мораторий енгізуді;
  • үшіншіден, «Іле Алатауы» ұлттық саябағының Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай аудандары мен Алматы қаласы Медеу, Бостандық және Наурызбай аудандарының аумағындағы жерлерді және қорғалатын аймақтардағы елді мекендерді бас жоспарлары мен егжей-тегжей жобаларында (ПДП) рекреациялық аймаққа аударуды талап етеміз!

Бақытжан БАЗАРБЕК, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

3 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

3 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

4 дня ago