Categories: Қоғам

Алматының туристік имиджіне қауіп төніп тұр: Алаяқ таксистерге шара қолдану керек

Туристер ынсапсыз таксисттердің құрбаны болуда». Осылай деп дабыл қаққан кәсіпкерлер тиісті шаралар жүргізу керек екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алматы халықаралық әуежайында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы қалалық басқармалардың басшыларымен кездесу өткізді. Кездесу мақсаты – такси жүргізушілеріне қатысты өзекті мәселелерді шешу болды.

Биыл Алматыда туристтік ағын үлкен болады деп болжанып отыр. Осыған орай, туристік маусымда қонақтар ағынын шектейтін кез келген мәселелерді еңсеру керек. Осы мәселелердің бірі – жол ақысын асыра алатын такси жүргізушілері. Бұл әуежайда тұрақты түрде жұмыс жасайтын жүргізушілер емес, бір рет келіп, заңсыз ақша табуды шешкендер. Бұл мәселе шұғыл шешімді қажет етіп тұр,

дейді кәсіпкерлер.

Сондықтан жиында қонақүйлер мен басқа да туристтік орындарда ақпараттық анықтаманы тарату қажет деген қорытындыға келді. Яғни, шетелдік қонақ такси жүргізушісімен кикілжіңге тап болса, тиісті анықтама арқылы кімге хабарласып, қалай арыз жазу керек екенін білетін болады.

Айта кетерлігі, Алматы әуежайында шетелдік азаматтардың алдынан кесе көлденеңдеп шығып, өз қызметін мәжбүрлеп ұсынатын, онымен қоймай, жолақы үшін ойға қонымсыз ақша сұрайтын такси жүргізушілеріне қатысты деректер жиі жарияланып жатыр.

Мәселен, күні кеше ғана шетел азаматтарын жеткізіп, жол ақысына 800 АҚШ долларын алған такси жүргізушісінің қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны хабарланды.

Сондай-ақ шетелдік азаматты әуежайдан қонақүйге дейін 400 еуроға жеткізген такси жүргізушісі жазаланды.

Әуежайдан қонақүйге дейін 45 мың теңгеге жеткізген такси жүргізушісінің анықталғаны жазылған еді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

16 часов ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

17 часов ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

17 часов ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

7 дней ago