Categories: Руханият

Альпинизм федерациясы Нұрсұлтан шыңының аты өзгермегенін айтты

Алматыдағы альпинизм федерациясы Іле Алатауындағы Нұрсұлтан шыңының аты Алматы шыңы деп өзгергені туралы кейбір ақпарат құралдары таратқан ақпаратты теріске шығарды.

Биыл 8–9 шілдеде Алматының альпинизм федерациясы Іле Алатауындағы биік шыңдардың бірі — Алматы шыңында альпиниада өткізді. Ол шыңның мұнан өзге Комсомол шыңы (1935-1977 жылдары) деген де, Нұрсұлтан шыңы деген де (1997 жылдан бері) атауы бар. Әртүрлі дереккөздерде үш түрлі атаумен атала береді. Ал архив мәліметтеріне қарағанда, алғашқы тарихи атауы — Алматы шыңы (1935 жылға дейін). Географиялық нысандардың атын өзгерту федерацияның құзыретіне жатпайды, федерация сайтындағы техникалық қателікті байқап қалған БАҚ-тар жаңсақ жазып, жұртты шатастырған,

дейді федерация хабарында.

Федерация мағлұматына қарағанда, географиялық нысандардың ресми реестрінде бұрынғы Алматы шыңы Нұрсұлтан шыңы деген атаумен тұр.

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы альпинистермен бірге Комсомол шыңына шыққан соң шыңның атын Нұрсұлтан шыңы деп өзгерткен.

2019 жылы президент қызметінен кеткенге дейін Назарбаев атындағы нысандар мен ескерткіштер күрт көбейе түскен. Қызметінен кеткен күні ертесіне, 2019 жылы науыздың 20-сына Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы жарлығымен Астана атын Нұрсұлтан деп өзгертіп, бірер жылдан соң қалпына келтірген.

Еске сала кетейік, кеше Іле Алатауындағы Нұрсұлтан шыңы қайтадан Алматы шыңы деп аталатыны туралы хабар тараған болатын.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago