Categories: Оқиға

«Алты жерінен пышақталған»: «АрселорМиттал Теміртау» заңгерінің өліміне қатысты тың дерек шықты

Қарағанды облысында «Арселор Миталл Теміртау» компаниясының заңгерін өлтірген күдікті іздестіріліп жатыр. Ол 54 жастағы Ирина Эмді пышақтап, қылмысын жасыру үшін пәтерін өртеп кеткен, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Пәтерден алып шыққанда көрдім, түрі аппақ қудай болып кеткен. Үсті-басы қара күйе, үйінің ішінен қара түтін бұрқырып шығып тұрды. Өте жақсы адам еді. Қолынан келген көмегін аямайтын,

дейді марқұмның көршісі Галина Иванова.

Марқұмның пәтері түтіндеп жатқанын көршілері көріп, дереу өрт сөндірушілерді шақырған. Құтқарушылар тұрғындарды түгел далаға шығарған. Сөйтсе, бөлмедегі төсек өртеніпті. Үй иесінің өзі алты жерінен пышақталған. Көршілерінің айтуынша, ол күйеуі өлгелі бірнеше жылдан бері пәтерде жалғыз тұрып келген. 2008 жылдан бері «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының заңгері болған. Әріптестері марқұмды өз ісін жетік меңгерген білікті маман еді дейді. Заңгердің өлімі кәсіби қызметіне қатысты болуы мүмкін деген де болжам бар. Оны тәртіп сақшылары анықтап жатыр.

Шахтинск қаласында пәтерде болған өрттен кейін денесінде зорлық- зомбылық белгілері бар азаматшаның мәйіті табылу фактісі бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-тармағы, яғни адам өлтіру дерегіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Қазір полиция қызметкерлері күдіктіні анықтау және қылмысты ашу бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіп жатыр,

дейді Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Еске салайық, кеше “АрселорМиттал Теміртау» компаниясының заңгерінің мәйіті Шахтинск қаласындағы өртенген пәтерден табылған еді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago