Categories: Қоғам

«Алты жылдан бері күресіп келеміз»: Ерлан Қарин сал ауруына шалдыққан қызы туралы

Мемлекет хатшысы Ерлан Қарин алты жасар қызы Сафияның туғалы бері сал ауруымен күресіп келе жатқанын айтып, Instagram-дағы жеке парақшасында жазба қалдырды. Дәрігерлер қанша қорқытса да, хатшының кішкентай қызы мойымай, сырқатпен күресіп келеді.

Бүгін Дүниежүзілік церебралды сал ауруына шалдыққан балаларды қорғау күні. Мемхатшы осыған орай әсерлі жазба қалдырды.

«Сафияның екі аяғында да гипс бар. Сіңірлерін созу үшін жарты жылда бір қоямыз. Бұл оған оңай емес, гипс аяғын қажап тастайды. Басқа адамның көмегінсіз қозғалып, жүре алмай қалады. Бірақ Сафия жыламайды, бәрін мойымай қабылдайды.

Алты жылдан бері біз церебралды сал ауруымен күресіп келеміз. Осы аралықта оның шыдамы мен төзіміне қайран қалдым. Біз қамыққан сәтте ол жаңа жетістігімен қуантып отырады.

Дәрігерлер оның өз еркімен жүрмейтінін, өзі отырып-тұрып, қолына қасық ұстай алмайтынын айтып, қорқытқан. Бірақ мұндай болжамдарға қарамастан Сафия үлкен жетістіктерге жетті. Десе де, бізге әлі көп жұмыс істеу керек. Баланы ортаға бейімдеу, әлеуметтік дағдыларды үйрету өте маңызды. Сафия балалармен ойнап, жүгіріп, араласа алмайтын. Оның үстіне, кішкентайынан аурухана мен оңалту орталықтарында көп жүрді. Сондықтан ол жай ғана басқа адамды көрсе қорқатын.

Осыдан соң біз тәуекелге бардық. Сафияны әпкесімен бірге балабақшаға бердік. Оған екі есе ауыр болды. Бірақ ең соңында өз қорқынышын жеңіп шықты. Сондай-ақ біз әрбір демалыста адам көп жүретін дүкендер мен кинотеатрларға барамыз. Осы арқылы оны үлкен ұжымдарға үйреткіміз келеді.

Қоғамдық орындарда (кинотеатр, кафе, саябақтар) ерекше баласымен жүретін ата-аналардың аздығы мені әлі таң қалдырады. Біздің қоғамда өз проблемаңды жасырып қана қоймай, тығып қоятын комплекс қалыптасқан.

Біздің ерекше балаларымыздан гөрі, ересектерді әңгімелесуге шақыру қиын сияқты. Мүмкін, проблеманың барлығы осыда шығар?!», — деп жазды мемлекеттік хатшы.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago