Categories: Экономика

Алтынға ақша салу сырға-сақинамен шектелмейді

Алтын – қымбат металл. Сол үшін де оған жұрт инвестиция салады. Валютаға қарағанда мейілінше сенімдірек. Өзі өте қымбат металл болғандықтан, нарықта бағасы тым қатты құбылмайды. Яғни, өсе түспесе, кеми қоюы екіталай. Сол себепті, қаржыгерлердің бір тобы қомақты қаржыны инвестицияға бағыттағанда валюталық депозитпен шектелмей, артық ауысқаны болса бір бөлігін алтынға салып қоюға кеңес береді, деп жазады Қаржылық Сауат арнасы.

Сонда алтынның бағасы қанша?

Бұл жерде мән беретін нәрсе – алтынның «қатып қалған» бағасы жоқ. Ол күнде өзгеріп тұрады. Нарықтың заңы солай. Бұған дейін жазғанымыздай, сынамасы 999,9 болатын алтынның 1 грамы, қазір, шамамен 28 мың теңге тұрады. 10 грамм алтын – 280 мың. Солай кете береді.

Ресми дерек бойынша, соңғы 6 жылда алтынның бір грамы 15 мың теңгеге қымбаттаған. Демек, алтынға салынған инвестиция бұл жылдар ішінде мүлдем күймеген деген сөз. Инвестиция деп осыны айт!

Алтын – құйма түрінде де, монета түрінде де дайындалады дедік. Әртүрлі өлшемде құйылатын құймаларды халыққа сату да – банк ісіне жатады. Енді сол туралы кеңірек айтып көрейік.

Ұлттық банкте тазартылған алтын құймаларды халыққа сатуға немесе кері сатып алуға арналған арнайы бағдарлама бар. Ол біздің елде 2017 жылдан бері жұмыс істейді. Сол бағдарламаға сай, құймаларды халыққа еліміздегі екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктері өткізеді. Клиент қаласа, кері қарай да сатып алады.

Мамыр айындағы есеп бойынша, 2017 жылдан бері Қазақстанда сатылған алтын құймалардың жалпы салмағы 4 тоннадан асқан. Барлығы – 125 549 алтын құйма. Есепке салсақ, соңғы 6 жылда ай сайын шамамен 10 мың құймадан сатылған. Оның бәрін сатып алып отырған – алтынға инвестиция салушы өзіміздің отандастарымыз.

Ұлттық банктің мәліметіне сүйенсек, алтын құймаларды сатып алу жағынан Қазақстан бойынша Алматы, Астана және Атырау қалалары көш бастап тұр. Олар әдетте  бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 грамдық үлгіде. Көп сатылатыны – 10 грамдық құйма екен.

Алтын құймалар сенімді инвестиция құралы бола алатынын орталық банк те растайды. Егер күндердің күнінде сатып алған құймаларды кері өткізетін ойыңыз болса, банктер де, жекелеген айырбастау пунктері де клиентке сол мезетте ақшасын төлеп, кері сатып ала береді. Бағдарлама іске қосылғалы кері сатылған құймалардың жалпы салмағы жарты тоннадан асқан.

Жалпы, құймалардың кескінін Ұлттық банктің сайтынан көруге болады. Әрбір құйма қорғау элементтерімен қапталған. Зауыттан арнайы қорапқа салынып шығады. Сол арқылы құйма қорабының ашылған-ашылмағанын тексеруге болады. Қорабының өзі сапа сертификатын көрсетеді. Сондықтан, алтын құйманы сатып алған жағдайда қорабын бүлдірмеуге кеңес беріледі.

Өзіңіз білесіз, валюталардың бағасы күнде құбылып тұр. Бірде өседі, бірде түседі. Металл бағасы, соның ішінде алтынның құны өз алдына берік екенін ұққан сияқтымыз. Демек, бұны да сенімді инвестиция көзі ретінде қарауға әбден болады деген сөз.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

14 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

15 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

1 день ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago