Алтын адамның хикаясы. Назарбаев фильмінің түсіріліміне қанша ақша кетті?

Экс-президент туралы фильм түсіру үшін 7 миллион доллар кетіпті. Оған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қоры қаражат бөлген, деп жазды  PROTENGE Telegram арнасы.

«Qazaq: Алтын адамның хикаясы» фильмі 2021 жылы жарық көрді.

protenge телеграм

Фильмді танымал американдық режиссер, «Оскар» сыйлығының иегері Оливер Стоун түсірген екен. Ол арнайы Қазақстанға келіп, Назарбаевпен ғана емес, оның жақындарымен де келіссөздер жүргізіпті.  

Қор тұңғыш президентіміз туралы фильм түсіру үшін 7 миллион доллар төледі. Осы қаражатқа қатысты ауқымды зерттеу қаңтар айында жарияланған болатын. Қордың қайырымдылықтан бөлек, миллиардтаған долларды құрайтын активтерді басқаратыны атап өтілді.

Бұған дейін Қазақмыстың Назарбаевтың қаражатына 79,4 млрд теңгені аударғаны белгілі болған еді. Ал бұл көрсеткіш тек соңғы төрт жылда ғана. Қазақмыс 2018 жылдан 2020 жылға дейін қаражатты осы қорға аударып отырған. Алайда, 2021 жылы ол өз қызметін тоқтатқаннан кейін оның орнын басқа салымшылар басқан. Дегенмен бұл туралы ақпарат жасырылған,

делінген хабарламада.

Келісімшарт сомасын журналист Михаил Козачков жария етті.

Фильмді қарағандар бар ма екен? Көрсеңіздер, бағасын беруді ұмытпаңыздар. Кино отандық кинотеатрларда көрсетілді. Одан кейін халықаралық деңгейге шықты. Мысалы – Минск.

Фильм Тұңғыш Президенттің сұқбатынан тұрады. Деректі туындыда Назарбаевтың балалық шағы, КСРО-ның күйреуі, демократияға апаратын жол, отбасы және тіпті ғұндар туралы әңгіме өрбіген. Дариға Назарбаева да фильмде жарқ етіпті.

Оливер Стоун саяси тақырыптарды арқау еткен фильмдердің режиссері ғана емес, ол Путин туралы да деректі картиналардың авторы.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago