Қоғам

«Алтын алқа» бар, «Күміс алқа бар». «Қола алқа» қайда?

Қазақ елінде қазір 550 мыңнан астам көпбалалы отбасы тіркелген, 493 мың отбасы 4 және 5 бала тәрбиелеп отыр. Бірақ бұл отбасылар үлкен балалары 18 жасқа толғаннан кейін жәрдемақыдан айырылады. Ал көпбалалы ана мәртебесі тіпті қарастырылмаған.

Осы мәселені көтерген депутат Гаухар Танашева «Алтын және Күміс алқа» жалғасы ретінде «Кола алқа» наградасы немесе, «Ана Даңқы» наградасы(ІІІ дәрежелі «Ана Даңқы» 4 және 5 баланы,  ІІ дәрежелі «Ана Даңқы» 6 баланы, I дәрежелі «Ана Даңқы» 7 және одан да көп бала туған немесе асырап алған аналарға) енгізілсін деген сауал жолдады:

«Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқасымен жеті, алты бала туған және тәрбиелеп өсiрген аналар жетінші, алтыншы «баласы бiр жасқа жеткен және басқа балалары тiрi болған ретте наградталады»  деген шарты алып тасталсын немесе осы шартта баланың жасын алты айға толғанға дейін қысқарту қарастырылсын. Себебі құжаттарды рәсімдеу 1,5 жылға дейін созылады.

«Ана Даңқы» немесе «Қола алқа» мәртебесі бар көпбалалы аналарға Алтын және Күміс Алқа алып жатқан бірқатар үй, көлік, мүлік салықтар мен мемлекеттік баждарды төлеуден босату бөлігінде жеңілдіктер берілсін.

Қолданыстағы Әлеуметтік кодексіне «Ана Даңқы» немесе «Қола алқа» ордендерімен марапатталған аналарға мынадай мөлшердегі жәрдемақы қарастырылсын:

  • ІІІ дәрежелі «Ана Даңқы» немесе «Қола алқа» иегерлеріне – 5,40 айлық есептік көрсеткіш (18 630тг).
  • ІІ дәрежелі және I дәрежелі «Ана Даңқы» иегерлеріне Алтын алқа (25030 тг), Күміс алқа (22080тг) алып жатқан жәрдемақы мөлшерінде қарастырылсын.

I, II және III дәрежелі «Ана Даңқы» немесе «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Қола алқа» ордендерімен марапатталған аналарға қосымша келесі жеңілдіктер қарастырылсын:

  • Жылына 4 пайыздық мөлшерлемемен «Отбасылық автокөлік» жеңілдетілген автонесие бағдарламасы құрылсын.
  • Қазақстанның барлық қалалары бойынша қоғамдық көлікте тегін жүру
  • Темір жол және әуе тасымалдауларына  50% жеңілдік қамтамасыз етілсін.
  • Айына бір күн бүкіл отбасымен мұражайларға, мәдени және демалыс саябақтарына, хайуанаттар бақтарына, көрмелерге тегін бару қамтамасыз етілсін.
Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago