«Алтын белгіге» үміткерлер қорытынды емтиханнан босатылады

Оқу-ағарту министрлігі қолданыстағы бұйрыққа өзгерістер енгізуге бастама жасады.

«Алтын белгіге» үміткер халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары қажет болған жағдайда қорытынды емтиханнан босатылады.

Оқу-ағарту министрлігі «Алтын белгі» беру туралы қолданыстағы бұйрыққа өзгерістер енгізуге бастама жасады. Биылғы оқу жылынан бастап жалпы білім беретін пәндер бойынша үздік оқушылар және соңғы үш жыл бойы халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы атанған «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлер қажет болған жағдайда қорытынды емтихандардан босатылып, үздік белгісін алады.

11-сынып түлектері халықаралық олимпиадаларға дайындалу үшін оқу-жаттығу жиындарына қатысқан жағдайда қорытынды аттестациядан босатылуы мүмкін.

Бұған дейін «Алтын белгіге» үміткер халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары қорытынды аттестация кезінде жазғы оқу-жаттығу жиындарында болып, халықаралық олимпиадалар мен жарыстарға дайындалып, емтихан тапсыра алмаса, автоматты түрде «Алтын белгі» белгісінен айырылатын. Енді түлектер оны ала алады. Ол үшін «үздік» деген баға болуы керек. Қазір дарынды балаларды қолдау мақсатында жан-жақты жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл өзгеріс те балалардың мүддесі үшін қабылданды,

деп түсіндірді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Биыл Президенттің тапсырмасымен халықаралық пәндік олимпиадалардың 27 жеңімпазы алғаш рет 76 млн теңгеден астам сыйақы алғанын еске сала кетейік. Сондай-ақ оқушылар жергілікті жоғары оқу орындарында оқуға грант алды.

Алтын медаль алған оқушы 1 500 АЕК, күміс медаль 1 000 АЕК, қола медаль 500 АЕК көлемінде сыйақы алады. Оқушыларды олимпиадаға дайындаған тәлімгер ұстаздар да бірреттік сыйақыға ие болды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago