«Қалың қалай, Қайрекем?!»: Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің туған күніне орай жазба жариялады

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуі Қайрат Беркінбаевқа жазба арнап, туған күнімен құттықтады.

Сен оқымайтын хат, деп жазыпты басында…

Күнімді қараң еткен қараша сені бізден ерте алып кетпегенде бүгін сені 57 жасқа толған туған күніңмен құттықтаушы едік.

Әр жазған хатыңды, аудио хабарламаңды әлі де тыңдап тұрамын. Ұлдар үшін өзімді барынша ұстауға тырысып жүрмін, денсаулығымның сыр беріп жүргені болмаса…Қолымнан келіп жүрген сияқты.

Арманымыз көп еді. «Үлкен ұлдарды үйлі етіп, қызды қияға қондырдым, енді осы екеуін аяқтандырсақ», — дейтін едің.

Айтпақшы, ұлдардан минут сайын хабар алып тұрушы едің, сол әдетке үйренген кенжелерің кішкене қиналып жүрген сияқты. Жігіт қой, білдірмейді. Бірақ кеше Сағадат өксігін ашумен бірінші рет шығарды. Дәл осы сәтте орның қатты білінді, сен секілді демеу бола алмадым, кешір.

Сенің тематикалық туған күніңді барлық достарымыз жақсы көретін. Есіңде ме, 2007 жылы Батырхан марқұм өзі құттықтап әнін арнаған еді, Марат пен Еркебұлан «Мен алдандым», — деп пранк жасағаны ше? Ал «Жігіттер» тобымен дуэт айтқаның?! Кездер-ай…

Ұлдарды сүндетке отырғызып, үлкен той жасағанамыз ше? 70-80 жасыңды да дәл осылай тойлаймын деген арманың бар еді.

Соңғы жылдары екеуміздің туған күнімізді біріктіріп жасап жүр едік. «Осы жылы Ләйлә, 45-ке толасың, жыл сайын менің туған күнімді ерекше ұйымдастырып бересің, биыл туған күніңді дүркіретіп жасап берем», — деп уәде беріп едің.

20 жылдыққа ақ көйлек кигіземін, үлкен қып той жасаймыз деп едің…Енді қашан?!

Неге тым ерте кеттің? Ұлдардың қызығын бірге көреміз деген арманымыз қайда? Басымда жауабы жоқ мың сауал ғана…

Топырағың торқа, иманың жолдас болып, пейіште нұрың шалқысын,

деп аяқтады жазбасын.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago