Қалыңмал. Мына заманда оның түкке керегі жоқ!

«Бұрын қыз бала жұмыс істей алмайтын, үйін солай жасап алатын, қалыңмал деген мұқтаждық еді», дейді қазақтың ерке қызы.

Рас-ау! Қазір 21 ғасыр. Дені сау әр жігіт те, қыз да өз күнін өзі көре алады.

Бірақ!

Елдің саясаты – тіпті білімді жастарды түкке алғысыз етіп тастады. Небір жақсы қыз-жігіттерді жер қылып тастады. Ебін тапқан жағымпаз, алаяқ, суайттар көтеріліп жатыр. Дәл қазіргі кезеңде жастарға үйленуге ең үлкен кедергілердің бірі осы!

Қалыңмал – ер-азаматтың меселін түсіру!

Егер жігіттің жағдайы болмай жүрген кезең болса, (өмір сынақ, Қазақстанда тіпті, тозақ) көп әкеле алмайды. Шапан-шүберектері тағы бар. Сосын қыз жақ «қызды бағаламады, қорлады» деп, онсыз да басы жоқ қыздың болашақ отбасына сына қағады. Болды ғой одан кейін, қайдағы бақыт, қайдағы түсіністік?! Анау жігіттің меселін түсіріп, бәрінің алдында намысын жығып бердіңіздер ғой?!

Егер бір жігіт бай болса, ақымақ қыздар барлық жігіттерден соны талап ете бастайды. Тағы ер азаматтың меселін түсіреді. Қайдағы отбасы?

Қыздар, ақылдарың болса, ақымақтың тірлігін істемеңдер! Егер шын сүйісіп тұрсаңдар, ешкімге, тіпті ата-аналарыңа, азаматтарыңның меселін түсіруге жол бермеңдер! Бастысы, өзіңді қадірлеп, сүйіп тұрса, еңбекқор болса болды,

деген ақыл айтады жазба авторы.
Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago