Фото: ашық дереккөзден
Қызға қалың беру көп адамға ерсі көрінеді. Өз қызын сатты деп сынайтындар да бар. Бұл ретте, адам саудасы емес, жас отбасының материалдық жағынан қолдаудың бір жолы екенін ойламайды. Қалың беріп, қыз алған ұтылмайды. Берген «малы» жасауы болып қайта оралады.
Жалпы алғанда, «қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз жоқ» деп бұл дәстүрден қол үзбей келе жатқандар аз емес. Соның бірі – оңтүстік өңірлерде ұлт дәстүрін берік ұстанған облыстың тұрғындары арасында бұл дәстүр үзілген жоқ, қал-қадерінше қалыңын беріп, жасаулатып келін түсіріп, қыз ұзатып жатыр. Статистика бойынша осы өңірлерде ажырасу да аз екен.
Қалыңы төленген қыздың қадірі болады. Мұндайда адам алып жатырмын ғой деп қайын жұрты тартынбаған. Келсе де, кетсе де бар-жоғы білінбейтін қадірсіз емес, кәдесі жасалған келін түскен жеріне тез сіңіп кетіп, артына қарайламауына да қалың малы әсер етеді. (белгілі ғалым Жамбыл Артықбаевтың мақаласынан алынған үзінді)
Теңін тапса тегін бер деп айтқан ғой қазақ атамыз.
Миллиондап қалың мал беріп бақытты бола алмай отырғандар да бар, бір тиынсыз бақытты болып отырғандар да бар. Бұл жерде әркімнің санасына, түсінігіне байланысты шығар.
Қазақстанның әр өңірінде қалың мал түсінігі де, соммасы да әр түрлі:
Жақында, Астананың жігіті Шымкент қаласының қызына үйленді. Қалыңдықтың ата-анасы 2 000 000 теңге қалың мал сұраған.
Ал Атыраудан келін түсірген Павлодарлық отбасы қалың мал төлеген жоқ. Ол өңірде тек «ана сүті, әке күші» деген дәстүр бар екен. Одан бөлек, қыздың ұзату тойында «келін көрсеткен жеңгелерге деп, өнеріңді паш еттің деп, төс әкелдің деп, арқан тарттың деп» біршама қаражат жинап алатын әдет-ғұрыптары таң қалдырды.
Негізі екі жас отау құрған кезде олардың жиған-тергені жоқ болады. Осы себептен көптеген жастар ажырасып кетеді. Материалдық жағдайы төмен болып, өмірлері қиындап, ұрыс-керіске айналады. Ал ата-бабаларымыз бұл мәселенің шешімін баяғыда тауып қойған. Қыз бен жігітте қолдау болсын деп, жігіт жақ қалың малын берсе, қыздың туыстары жасауын беретін болған. Осылайша екі жастың отауын тігіп, шаңырақтарына керекті заттарын толықтырып берген. Яғни, екі жастың аяқтарына нық тұрып алулары үшін ата-аналарының алғашқы жасаған қолдауы.
Қазір біздің қоғамға бұл қажет пе, әлде тізесі шыққан дәстүр ме? Қалай ойлайсыздар?
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…