Қоғам

Қызға қалың мал берген өңірлерде ажырасу аз екен

Қызға қалың беру көп адамға ерсі көрінеді. Өз қызын сатты деп сынайтындар да бар. Бұл ретте, адам саудасы емес, жас отбасының материалдық жағынан қолдаудың бір жолы екенін ойламайды. Қалың беріп, қыз алған ұтылмайды. Берген «малы» жасауы болып қайта оралады.

Жалпы алғанда, «қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз жоқ» деп бұл дәстүрден қол үзбей келе жатқандар аз емес. Соның бірі – оңтүстік өңірлерде ұлт дәстүрін берік ұстанған облыстың тұрғындары арасында бұл дәстүр үзілген жоқ, қал-қадерінше қалыңын беріп, жасаулатып келін түсіріп, қыз ұзатып жатыр. Статистика бойынша осы өңірлерде ажырасу да аз екен.

Қалыңы төленген қыздың қадірі болады. Мұндайда адам алып жатырмын ғой деп қайын жұрты тартынбаған. Келсе де, кетсе де бар-жоғы білінбейтін қадірсіз емес, кәдесі жасалған келін түскен жеріне тез сіңіп кетіп, артына қарайламауына да қалың малы әсер етеді. (белгілі ғалым Жамбыл Артықбаевтың мақаласынан алынған үзінді)

Теңін тапса тегін бер деп айтқан ғой қазақ атамыз.

Миллиондап қалың мал беріп бақытты бола алмай отырғандар да бар, бір тиынсыз бақытты болып отырғандар да бар. Бұл жерде әркімнің санасына, түсінігіне байланысты шығар.

Қазақстанның әр өңірінде қалың мал түсінігі де, соммасы да әр түрлі:

  • Алматы облысы мен қаласында – 100 000 – 1 000 000 теңгеге дейін;
  • Шымкент, Тараз, Қызылорда қалаларында – 500 000 — 5 000 000 теңгеге дейін;
  • Солтүстік және Батыс өңірлерінде қалың мал түсінігі жоқ. Тек ана сүтін апарсаң жеткілікті;
  • Шығыс Қазақстанда да қалың мал деп арнайы сомма айтылмайды, бұл әдетте екі жақ бірігіп шешетін мәселе.

Жақында, Астананың жігіті Шымкент қаласының қызына үйленді. Қалыңдықтың ата-анасы 2 000 000 теңге қалың мал сұраған.

Ал Атыраудан келін түсірген Павлодарлық отбасы қалың мал төлеген жоқ. Ол өңірде тек «ана сүті, әке күші» деген дәстүр бар екен. Одан бөлек, қыздың ұзату тойында «келін көрсеткен жеңгелерге деп, өнеріңді паш еттің деп, төс әкелдің деп, арқан тарттың деп» біршама қаражат жинап алатын әдет-ғұрыптары таң қалдырды.

Негізі екі жас отау құрған кезде олардың жиған-тергені жоқ болады. Осы себептен көптеген жастар ажырасып кетеді. Материалдық жағдайы төмен болып, өмірлері қиындап, ұрыс-керіске айналады. Ал ата-бабаларымыз бұл мәселенің шешімін баяғыда тауып қойған. Қыз бен жігітте қолдау болсын деп, жігіт жақ қалың малын берсе, қыздың туыстары жасауын беретін болған. Осылайша екі жастың отауын тігіп, шаңырақтарына керекті заттарын толықтырып берген. Яғни, екі жастың аяқтарына нық тұрып алулары үшін ата-аналарының алғашқы жасаған қолдауы.

Қазір біздің қоғамға бұл қажет пе, әлде тізесі шыққан дәстүр ме? Қалай ойлайсыздар?

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago