Ғалым Амангелді Айталы қайтыс болды

Профессор, ғалым Амангелді Әбдірахманұлы Айталы 83 жасында өмірден озды. Қаралы хабарды мәжіліс депутаты Ерлан Саиров facebook парақшасында айтты.

Амангелді Айталы ағамыз мәңгілікке аттаныпты. Парасаты мол, рухани тұңғиық азамат еді. Қазақтың рухани әлемін дамытуға өлшеусіз еңбек сіңірген қайраткер Амангелді Айталы ағамыздың туған-туыс, жақын- жекжаттарына қайғырып көңіл айтамыз. Жаны жәннатта болсын, Ағамыздың!

деп жазды Ерлан Саиров.

Амангелді Әбдірахманұлы Айталы 10 қыркүйек 1939 жылы Астрахан облысы, Володар ауданы, Болдырево ауылында туған. Ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері. Философия ғылымының докторы, профессор. ҚР Әлеуметтік ғылым академиясының академигі. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры.

Қазақстан Білім беру ісінің Құрметті қызыметкері. Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы.

1959 – 1964 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық иниситутын бітірген.

1964 – 1967 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (бұрынғы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік иниституты)ның асперантурасын бітірген.

1959 жылы Марфин ауданы, Қызылтаң ауылының мектебінде бастауыш сыныбының мұғалімі болған.

1968 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогика иниститутында аға оқытушы;

1970 – 1983 жылы осы институтта философия және ғылыми коммунизм кафедрасының меңгерушісі;

1989 – 1995 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық иниститутында ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры;

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 недели ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago