Categories: Қоғам

Amanat Home кооперативінің салымшылары аштық жарияламақ

Amanat Home кооперативіне ақша салып, артынан алданған салымшылар көмек сұрап, Halyq Uni редакциясына хабарласқан. Олар компаниядан ақшасын қайтарып беруді талап етіп отыр. Арасында сот үкімі шығып, бірнеше жылдан бері ақшасын күтіп жүрген салымшылар да бар.

Мен үш жыл бұрын Amanat Home кооперативіне ақша салдым. Екі жыл бойы үйдің берілуін күттім. Ал соттың шешімі шыққанына бір жылдан асты. Бірақ ақша да, үй де, өздері де жоқ. Сол кездегі менеджерлердің бәріне хабарластым, ешқайсы жауап бермейді,

дейді салымшы Айгерім Жүзбек.

Салымшылар әу баста белгілі блогерлер мен әншілердің жарнамасына сеніп, үйлі боламыз деп үміттенген. Бірақ қазір үйсіз-күйсіз жүргенін, сенімі ақталмай, далада қалғанын айтады.

Бізді бұл пирамидаға Instagram-дағы түрлі блогерлер мен әншілердің жарнамасы арқылы келдік. Олардың арасында айтыскер Балғынбек Имашев, әнші Алтынай Жорабаева, әзілкеш Ғалымжан Махамбетовтер бар. Олар тіпті үй, көлік алып, оны парақшасында жарнамалады. Біз соларға сеніп салымшы болдық,

дейді Жанна Туебаева есімді салымшы.

Егер ақша қайтарылмаса, 200-ге жуық адам ашаршылық жариялайтынын айтып отыр.

Қазір үй де, ақша да жоқ. Біз бұған дейін Бас прокуратураға да бардық, олардан әлі хабар жоқ. Енді тек аштық жариялау ғана қалды. Егер талабысыз орындалмаса, 200-дей салымшы жиналып, аштық жариялайын деп отырмыз,

дейді салымшы Жанна Туебаева.

Ал адвокат сот шешімі шығып, бірақ орындалмай отырғанын жеткізді.

Қазір 180-нен аса салымшының арызы бойынша сот шешімі шыққан, апелляциялық сатыда күшіне енген. Атқару парақтары сот орындаушыларда қозғалған. Бірақ қазір ешқандай шара қолдана алмай отырмыз, себебі Amanat Halyk есепшотында ақша жоқ.

Ал алаяқтық фактісі бойынша құзырлы органдарға хабарласқанымызда, жинаған құжаттар толық болмағандықтан, “қаржылық пирамида белгілері жоқ” деген жауап алдық. Біз осы бойынша Бас прокуратараға және Ішкі істер министрлігіне шағымымызды қалдырдық,

дейді салымшылардың адвокаты Сұлтанбек Қалманбекұлы.

Салымшылардың айтуынша, бүгінде Amanat Home кооперативінің атауы Amanat Halyk болып өзгеріп кеткен. Алданғанын айтқан салымшылар компанияның офистері жабылып, онлайн режимге көшкенін жеткізді.

Кооператив басшылығымен, менеджерлерімен байланысу әзірге мүмкін болмай отыр.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago