Қамаудағы «Дикий» Арман президентке үндеу жолдады

Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 7 желтоқсанға дейін ұзартылған.

Қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынған Арман Жұмагелдиев үндеу жасап, өзіне қатысты тергеудің әділ өткенін қалайтынын айтты.

Митингте қан төгілмеуіне жол бермеуге тырыстым. Елді бірлікке шақыруға күш салдым. Халқымды қорғағым келді. Қазір сол үшін қапаста отырмын. Арандатушылардың жолын кескім келді, сондықтан осылай жасадым,

дейді ол.

7 қаңтарда Алматыдағы арнайы операция барысында «Дикий» Арман (Жұмагелдиев – ред.) бастаған ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесі ұсталған болатын. Қылмыскерлерден түрлі марка мен калибрлі 4 жартылай автоматты тапанша, оқ-дәрі, суық қару мен броньдалған көлік тәркіленген.

Айта кетейік, 6 қазанда Алматы ауданаралық соты тергеу өтінішін қарап, Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімін 7 желтоқсанға дейін ұзартты.

Бас прокуратура мәліметінше, Арман Жұмагелдиев келесі баптар бойынша күдікті ретінде қамауға алынған:

  • Қылмыстық кодекстің 287-бабы 4-бөлігі (Ататын қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды адамдар тобының алдын ала сөз байласу бойынша немесе бірнеше рет заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру);
  • Қылмыстық кодекстің 272-бабы (Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу, күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып жаппай тәртiпсiздiктi ұйымдастыру);
  • Қылмыстық кодекстің 126-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып «Адамды бас бостандығынан заңсыз айыру»).
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago