Қоғам

Қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрім аштық жариялады

Қонаев қаласында «тыйым салынған ұйым жұмысына араласты» және «экстремизмді қаржыландырды» деп айыпталған тәуелсіз журналист Думан Мұхаммедкәрімнің ісі бойынша сот процесі басталды.

12 ақпанда өткен алдын ала сот тыңдауында айыптаушы прокурор процесті жабық өткізуді сұрап, сот оны қанағаттандырған. Оған қорғау тарапы қарсы шығып, сот пен прокурорға сенімсіздік білдірген. Бүгінгі сот отырысында судья бұл өтінішті қанағаттандырусыз қалдырып, жеке қаулы шығарды. Онда сот тергеуі басталмай жатып, Думан Мұхаммедкәрімді «сотталған» деп атады. Кейіннен оны грамматикалық қателік деп түсіндірді. 

22 ақпанда болған сот отырысы даумен басталды. Сот ғимаратының алдына журналистің 40-қа жуық жақтасы жиналды. Оларған қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Сағынай Мұсағитов пен Қонаев прокуроры Айдос Шорманов «жиынның заңсыз екенін» ескертіп, тарауды сұрады. Оған жиналғандар қарсылық білдіріп, «жинаға келген жоқпыз, сотқа келдік» деді. 

Думан Мұхаммедкәрімді Талдықорғаннан Қонаев сотына алып келген кезде жақтастары «Думанға бостандық!» деп ұрандатты. Сот қақпасының сыртынан видеоға түсірмек болған журналистерге полиция келіп, ғимарат ауласына жақындамау қажеттігін айтып, жолдарын бөгемек болды. БАҚ өкілдері ауланың сыртынан фото-видео түсірілім жасауға құқылы екендерін айтты. 

Түске дейін өткен сот отырысынан соң адвокат Ғалым Нұрпейісов Думан Мұхаммедкәрімнің соттың ашық өтуін талап етіп, аштық жариялағанын, адвокаттар қатысса да, қатыспаса да үкім белгілі екенін айтып, қорғаушылардан бас тартқанын айтты. 

Думан сот ашық өткен жағдайда ғана аштығын тоқтататынын айтты. Судьяның өзі сот кезінде «сотталған Думан» деген тіркесті екі рет айтып қалған. Думан сотқа бойкот жариялады. Думанның сотқа сенімсіздік жариялау туралы өтініші қанағаттандырылмады,

деді ол.

Соттан кейін Думан Мұхаммедкәрімді қайтадан Талдықорғандағы уақытша ұстау изоляторына алып кетті. Сот ғимаратынан автозакпен бірге арнайы жасақ шығып, сап құрып, журналистің жақтастарын көлікке жақындатпады. Оған жиналғандар «Масқара!» деп айқайлады. 

«Не дейді» YouTube-арнасының авторы Думан Мұхаммедкәрім «тыйым салынған ұйым ісіне араласу» және «экстремизмді қаржыландыру» баптары бойынша күдікке ілінген. Оған мұндай айыптың тағылуына қуғындағы экс-банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтан алған сұхбаты түрткі болған. Журналист 2023 жылдың маусым айынан бері қамауда отыр. 

8 ақпанда халықаралық Human Rights Watch адам құқығын қорғау ұйымы Думан Мұхаммедкәрімге «экстремизм» бойынша негізсіз айып тағылып отырғанын алға тартып, Қазақстан билігін журналистке тағылған айыптарды алып тастап, өзін босатуға үндеді.

Қазақстандық құқық қорғаушылар оны «саяси тұтқындар» қатарына қосқан.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

БҚО-да 57 жаңа үйдің құрылысы басталды

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен елді мекен тұрғындары үшін 357 жаңа үйдің құрылысы…

6 часов ago

Пара беруге итермелеген алаяқтар 10 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары»…

14 часов ago

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…

15 часов ago

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 дня ago