Categories: Оқиға

«Анаңа айтсаң, өлтіремін»: 19 жастағы қызды он жыл бойы әкесі зорлап келген

Қырғызстанда 19 жасар қыз әкесі оны кішкентайынан зорлап келгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Настоящее время” басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Алғаш рет қыз жеті жасында зорланған. Анасы екінші қызды босанып, перзентханаға болған. Содан бері әкесі он жыл қатарынан оны қорлап келді дейді ол.

“Зорлық көрсеткеннен кейін «Жылама, әйтпесе өлтіремін. Анаңа айтушы болма, айтсаң. оны өлтірем» деп қорқытты”, – дейді қыз. 

10 жыл бойы қыз мұны ешкімге айтпай, әкесінің тарапынан жасалған жыныстық зорлым-зомбылыққа шыдап келген. Ол жасөспірім кезде өзін-өзі өлтірмек болғанын да айтады. Тек басқа қалаға оқуға кеткеннен кейін ғана мұның бәрін айтуға бекініпті.

19 жастағы қырғызстандық тергеу кезінде 43 зорлану фактісін айтып берген. 25 мамырда қаскөй өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

“Өте қатты қажыдым. Кішкентай болғандықтан, маған ешкім сенбейді деп ойладым. Барлығы менің әкемді жақсы адам деп санады. Кішкентай болғандықтан, мен де әкеме сендім. Ол мұны мені жақсы көретіндіктен, осылай жасағанына сендім», – дейді жәбірленуші.

Қазір оған туыстары тарапынан қысым түсуде. Адвокаттардың айтуынша, ер адамның өзі кінәсін мойындамайды және оны ақтауға тырысып жатқандар көп.

“Анам уайымнан жүдеп кетті, нәр татпайды. Туыстарым бізге “ақша үшін жасап жатсыңдар, үйді алып қалғыларың келіп жүр” деп кінәлауда. Маған оның бірі керек емес», – деді қыз.

Ол әкесінің босатылып кетуінен қорқады.

“Білуімше, сотқа ақша ұсынған. Бірақ бұл адам өмір бойы түрмеде жазасын өтеуі керек. Ол «Ештеңеден қорықпаймын, сені өлтіремін. Анаңды өлтіріп, сіңліңді зорлаймын” деп қорқытты”, — дейді әкесінен зәбір көрген жан.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago