Фото: ашық дереккөзден
Қазақ тіліне қатысты тағы да шу шықты. Негізі бұл мәселе Қазақстанда жиі көтеріліп тұрады. Бұл жолы ZARA желісінде болған оқиғаны тарқатайық.
Блогер Құралай Раисова киім-кешек сататын ZARA желісінде қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап еткен. Алайда сауда желісінің сатушысының бірі оған қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тартып, дөрекі сөйлеп, дауласып қалған.
Намысым жер, жігерім құм болды. Достық плаза сауда үйіндегі Зара дүкенінің балалар бөлімінде қазақша жауап сұрағанымыз үшін, өз жерімізде өз тілімізде сөйлегеніміз үшін жазықты болдық. Кәріс баланы қазақ екен деп, «қазақша айта бер» деп қалдық, әңгіме содан басталды. «Мне удобно на русском» дейді әлгі жігіт. «Енді бізге қазақша ыңғайлы, сіз түсініп тұрсыз ғой, айта салмайсыз ба, қанша болды?» десек, «Мне так удобно» дейді. Онда тіл білетін адамды шақыр дедік. Сол жердің администраторы мына қыз екен, ол кеп өзімізге тап берді, «Неге қазақша жауап бер деп сұрайсыздар, ол басқа ұлт, біз международная компаниямыз, сотрудниктеріміз қай тілде сөйлеуді өзі біледі»дейді…»
деп жазды Құралай Раисова.
Блогер «ең жаманы, біздің құқымызды қорғайтын, сөзімізді сөйлейтін ешкім жоғын түсініп, өзімізді жетім сезініп шықтық» дейді.
Біз администратор кассиріне бірдеңе түсіндіре ме десек, жоқ, бұл қыз өзімізге ұрыспақшы әлгі жерде. Өзіңнен үлкенірек бастық бар ма, айналайын, деп едік, енді охранниктер келді. Оларға да «қайтеді енді ол кәріс, ему удобно на русском» деп қарап тұр. Тіпті дүкенде қазақша сөйлей алмасақ, қайда барып сөйлейміз? Қашан сөйлеміз? Тек отбасы, ошақ қасында ма? Бүйте берсек, қазақ тілі «кедейлер тілі», «домашний тәпішке» деген мазақтан қашан құтылады?!
дейді блогер.
Блогер менің тілімді құрметтемеген адамға сызылып мәдениет сақтар жайым жоқ дейді. Осы видеоны бөлісіңіздерші, бәлкім үніміз жетер, бәлкім қазақ аудиториясынан кешірім сұрар деген үмітін жеткізді.
Бұдан бұрын Chocolife басшысы Рамиль Мухоряпов орыс тілін білетін қазақстандық арнайы қазақша жауап берсе, бұл «ұлтшылдықтың көрінісі» екенін айтқан еді. Осыдан кейін бірден оның үстінен сындар жауып, желі қолданушылары қосымшаны өшіре бастады.
Артынша кәсіпкер қазақ тілі туралы айтқан даулы мәлімдемесінен соң өзі басқаратын Chocolife қосымшасына қазақ тілін енгізіп, жанталасқан. Бұған қоса видеожазба жазып, халықтан кешірім де сұрады. Кейін кәсіпкердің үстінен қылмыстық іс қозғалды деп ақпарат тарағанымен, құқық қорғау органдары кейін оның ісі жайлы еш ақпарат таратпады.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…