Қоғам

Аналар барлық құрметке лайық

Көшеде аналарға құрмет көрсеткен атыраулықтың видеосы көпті сүйсінтті.

Көшеде аналарды қуантып, тәж сыйлаған атыраулық жігіт осындай жолмен аналарға құрмет көрсетуді шешкен, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде қысқа мерзімде мыңдаған қаралым жинап, көптеген адамның алғысына бөленген видео иесін біз анықтап, өзімен байланысқа шықтық.

Ерекше жолмен «Мисс Атырауды» анықтаған жігіттің есімі Ақниет Сарбасбай болып шықты. 24 жастағы Ақниет Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы Миялы ауылында дүниеге келген.

Мамандығым — журналист. Қазіргі таңда шағын жеке кәсіппен айналысамын. Қазір әлеуметтік желінің заманы болғандықтан, инстаграмда қызықты және адамдарға жақсы көңіл күй сыйлайтын видеолар түсіргенді ұнатамын. Ал, шын мәнінде аналар қандай құрметке де лайық,

деді Ақниет.

Ақниет аналарға «сіз «Мисс Атырау» атағын жеңіп алдыңыз» деген уақытта реакциялар әртүрлі болды. Әсіресе, әжей қатты таңқалған.

Шын мәнінде, аналар барлық құрметке лайық. Менің ойымша, аналардың бәрі ханшайым. Сондықтан, осындай жолммен болса да, ол кісілерге керемет көңіл-күй сыйлағым келді,

дейді Ақниет Сарбасбай.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago