Categories: Қоғам

Қандастардың көбі қай елден көшіп келгені анықталды

2022 жылдың басынан бері 15,6 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 15 637 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алған. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 103,5 мың этникалық қазақ оралды.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (65,2%) Өзбекстаннан, 9,2% – Қытайдан, 8,8% – Ресейден, 8% – Түрікменстаннан, 4,8% – Моңғолиядан және 4% басқа елдерден келген.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,1%), Маңғыстау (16,3%), Түркістан (8,7%) және Жамбыл (6,1%) облыстарына, сондай-ақ Астана (9%),  Шымкент (6,9%) және Алматы (5,5%) қалаларына қоныстанды.

Биылғы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,6%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 26,7%-ды және зейнеткерлер 13,7%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 16%-ы жоғары білімді, 39%-ы орта кәсіби білімді, 43,1%-ы жалпы орта білімді және 1,9%-ының білімі жоқ.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago