Categories: Қоғам

Қанша қазақстандықта төлқұжат бары анықталды

Қазақстанда қанша адамда төлқұжат бар? Қанша адам азаматтығын растайтын құжатсыз жүрген? Елде Кеңес кезіндегі ескі төлқұжатпен жүргендер бар ма? Massaget.kz редакциясы бұл сауалмен Ішкі істер министрлігіне жүгінді. 

Ведомство мәліметінше, министрлік екі жыл ішінде құжатсыз және азаматтығы белгісіз адамдарды анықтау үшін іс-шаралар жүргізген. Нәтижесінде 8 мыңнан аса адам азаматтығы көрсетілген құжатсыз жүргені анықталған. Оның ішінде 5 мың адам Қазақстан азаматы екенін растап, жеке куәлік рәсімдесе, азаматтығы жоқ 3 мыңнан аса адамға куәлік берілген.

Қазақстанда Кеңес кезіндегі ескі төлқұжаттарды жаңасына ауыстыру 1994 жылы енгізілген. 1974 жылғы үлгідегі КСРО төлқұжаттарын жаңа төлқұжат пен жеке куәлікке ауыстыру 1999 жылғы 1 наурызда аяқталған.

«1994 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы ІІМ жүйесінде 14 962 584 төлқұжат және 41 585 577 жеке куәлік шығарылды. Ал 692 467 төлқұжатта азаматтардың ұлты көрсетілмей дайындалды», — делінген хабарламада.

Алайда елде 1974 жылғы үлгідегі КСРО төлқұжатын қанша адам ауыстырмағаны туралы ақпарат жоқ, себебі мұндай төлқұжаты барлар есепке алынбаған.

Ведомство мәліметінше, жыл басынан Қазақстанда 133 мыңнан аса төлқұжат берілген. Ал елде барлығы 5 974 698 жарамды төлқұжат бар. 

Демек, халықтың төрттен үш бөлігінде төлқұжат жоқ. 

Төлқұжат қандай жағдайда жаңасына ауыстырылады?

  • қолданылу мерзімінің аяқталуына;
  • одан әрі пайдалануға жарамсыздығына;
  • жоғалуына;
  • иесінің құқық мәртебесіне сәйкес келмеуіне;
  • жынысының өзгеруіне байланысты.

Ведомство мәліметінше, жарамсыз болып қалған төлқұжаттар айына бір рет жойылады. 

Айта кетейік, Қазақстанда әкімшілік заң бойынша мерзімі өткен төлқұжат үшін жауапкершілік қарастырылмаған. 

Сондай-ақ, қазақстандықтар 70-тен аса елге визасыз бара алады. Қай елге визасыз бара алатыныңызды мына жерден тексеріп көріңіз. 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

12 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago