Қант жетпей жатқанда, қандай концерт: Роза Рымбаева халыққа ренжулі

Халық әртісі мерейтойы жақындаған уақытта халыққа бір есеп беріп қойсам деген ниеті халықтың ашуын шығарған көрінеді. Себебі жоқ емес. Танымал әншіні әкімдік қолдап, 220 миллион теңгеге концертті ұйымдастырып береміз депті. Әлі нақты емес. Дегенмен, жұртышылық қаражатты қалтасына басып алады деп қорқады-ау, шамасы. Қант жетпей жатқанда, қандай концерт дей-ма… Роза Рымбаева ақталды ма, жақтады ма, Hit-TV арнасының «Менің өмірім» бағдарламасына келіп, көпшіліктің көкейіндегі сауалдарға жауап берді.  

«Бір көйлекке ақша тапсам, бұйырмасын», — деп бастады, әнші.

«Пайда көріп, байып кететін ойым жоқ. Қант жоқта, қандай концерт деп ел шулап отыр. Мәдениет саласына бөлінетін ақшаның, қант зауытына еш қатысы жоқ. Халыққа 50 жылдай еңбек етіп келемін. Бес жылда бір емес, жыл сайын өткізетін дәрежедемін. Тіпті айтайын, мен әкімшілікке қарайтын әншімін, ресми жұмысым осы. Сондықтан біздің концерттік бағдарламаның бірінші қолдаушысы – әкімдік. Болса да, болмаса да, ол бірінші көрерменге керек. Мен өз орнымды баяғыда тапқан әншімін

Десе де, әкімдік бөлетін ақшаның жұмсалатын реті бар. Жетпейтін жағдайларда, әнші өз қалтасынан қосады. 20-30 мың доллар шамасында. Мысалы, Әлидің тұңғыш концертіне де өз қалтасынан ақша шығарыпты. Егер тіпті артылып жатса, ол әкімдікке қайтады екен. Сонымен, 220 миллион теңге қайда жұмсалады…

«Бір залдың жалға алу құны, декорация, жарық, экран-контент, дирижердің жұмысы, оркестрдің дайындығы, балет, оның дайындығы, костюмі, фольклорлық ансамбль, режиссерлердің жұмысы. Әр әнге контент жасалады. Осының бәрін есептеген кезде бөлінетін сомманың жартысы кетіп қалады. Ал қалған ақша режиссер, баллет, партитура және т.б. қызметтердің ақысына төленеді. Сол ақшаның бәрі менің қалтама түсетіндей, халық үдетіп отыр,

деді ренжігендей Роза Қуанышқызы.

Мәселенің түйіні әлі нақты шешілмеді. Жылдың соңына дейін күтейік. Уақыт көрсетеді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago