Фото: NTV
Жексенбіде Түркияның Анталья провинциясында болған жол апатынан кейін ауруханаға түсіп, операция жасалған Қазақстан турисі қаза болған.
Мұны Азаттыққа Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.
Айбек Смадияров қаза болған адам туралы толық ақпарат әзірге қолында жоқтығын, бірақ жол апатына ұшыраған микроавтобустағы туристердің бәрі Түркияға Қазақстанның Маңғыстау облысынан барғандар деген болжам бар екенін айтты. Оның сөзінше, Қазақстан консулы жол апатынан зардап шеккендер мәселесімен айналысып жатыр.
— Зардап шеккендер есін енді жинап жатыр. Үш адам ауруханаға түскен, бірақ әрқайсы бөлек-бөлек ауруханада, консул үшеуіне де барып, хал-ахуалдарын біліп отыр,- деді Айбек Смадияров.
Бүгін таңертең жергілікті ақпарат құралдары сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сілтеп, Қазақстан консулының Алания ауруханасына барып, зардап шеккен азаматтармен кездескенін хабарлаған.
Шілденің 30-ына таңертең Түркияның Аланья ауданының Анталья провинциясында Қазақстан туристері мінген автобусқа жүк көлігі қатты жылдамдықпен соғып, жол апатын жасаған.
Микроавтобус жүргізушісі мен алдыңғы орында отырған украин гиді сол жерде қаза болып, 10 адам жараланғанын жексенбіде Hurriyet газеті хабарлаған. Оқиға орны түскен видеодан микроавтоустың алдыңғы бөлігі қатты зақымданғаны көрінеді.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…