Categories: Оқиға

Антальядағы жол апатынан Қазақстан турисі көз жұмды

Жексенбіде Түркияның Анталья провинциясында болған жол апатынан кейін ауруханаға түсіп, операция жасалған Қазақстан турисі қаза болған.

Мұны Азаттыққа Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

Айбек Смадияров қаза болған адам туралы толық ақпарат әзірге қолында жоқтығын, бірақ жол апатына ұшыраған микроавтобустағы туристердің бәрі Түркияға Қазақстанның Маңғыстау облысынан барғандар деген болжам бар екенін айтты. Оның сөзінше, Қазақстан консулы жол апатынан зардап шеккендер мәселесімен айналысып жатыр.

— Зардап шеккендер есін енді жинап жатыр. Үш адам ауруханаға түскен, бірақ әрқайсы бөлек-бөлек ауруханада, консул үшеуіне де барып, хал-ахуалдарын біліп отыр,- деді Айбек Смадияров.

Бүгін таңертең жергілікті ақпарат құралдары сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сілтеп, Қазақстан консулының Алания ауруханасына барып, зардап шеккен азаматтармен кездескенін хабарлаған.

Шілденің 30-ына таңертең Түркияның Аланья ауданының Анталья провинциясында Қазақстан туристері мінген автобусқа жүк көлігі қатты жылдамдықпен соғып, жол апатын жасаған.

Микроавтобус жүргізушісі мен алдыңғы орында отырған украин гиді сол жерде қаза болып, 10 адам жараланғанын жексенбіде Hurriyet газеті хабарлаған. Оқиға орны түскен видеодан микроавтоустың алдыңғы бөлігі қатты зақымданғаны көрінеді.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago