Қапшағай су қоймасында балық шабақтарының қырылуына байланысты қылмыстық кодекстің 328-бабының белгілері бойынша іс қозғалды. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2022 жылғы 2 қарашада Instagram желісінде балық шабақтарының қырылуы тіркелген видео тарады.
Бүгінгі таңда Қонаев бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, Алматы облысы бойынша экология департаменті, «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, «Қазгидромет» РМК балық шабақтарының қырылу себептерін анықтау үшін тиісті зерттеулер жүргізіп жатыр.
Қылмыстық кодекстің 328-бабының белгілері бойынша (жер үсті немесе жер асты суларының, мұздықтардың, ауыз сумен жабдықтау көздерінің ластануы, бітелуі, сарқылуы не егер бұл елеулі экологиялық залал келтіруге немесе адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқтырса немесе әкеп соқтырса, олардың табиғи қасиеттерінің өзге де өзгеруі) қылмыстық іс қозғалды.
Инспекцияға барлық құзыретті және мүдделі органдар енгізілген балық шабақтарының қырылу себептерін анықтау бойынша біріккен штаб құру жөнінде тапсырма берілді. Су қоймасы мен оның жағалау белдеуінің акваторияларына мониторинг жүргізу жалғасып жатыр.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…