Желі қолданушылары Қапшағайдағы су көлемінің азая бастағанына алаңдаушылық білдіруде. Су шаруашылығы және ирригация министрлігі жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды NUR.KZ.
Еліміздің Су ресурстары және ирригация министрлігі су қоймасының жұмыс кестесі жыл сайын бекітіліп, Іле өзені бойынан Қапшағай су қоймасына келетін судың ағынына байланысты жыл бойы толықтырылатынын жеткізді. Министрліктің айтуынша Қазгидромет РМК деректері бойынша 2020-2022 жылдар су аз болған.
Айта кетерлік жайт, көпжылдық деректер бойынша аз су айналымы кезеңді түрде қайталанып отырады. «Қазгидромет» РМК қыркүйек айындағы дерегі бойынша 2023 жылдың 12 қыркүйегінде су қоймасындағы су деңгейі 476,13 м «, ал су қоймасының көлемі 14 820 млн текше метрді құрады. Толтыру 81% құрады. 2022 жылдың 12 қыркүйегінде су деңгейі 476,53 м, ал су қоймасының көлемі 15 300 млн текше метрді құрады,
деді министрлік.
Сонымен қатар, басшылық Қапшағай су қоймасының жағалау сызығы рекреациялық мақсатта, балық шаруашылығы ретінде де қолданылатынын айтты. Одан бөлек, су ресурстары Қонаев қаласын шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету, елді мекендерді, Шеңгелдин және Ақдала массивтеріндегі ауыл шаруашылығы дақылдарын суару үшін де пайдаланылады.
Министрлік 15 қыркүйектен бастап Қапашағай су қоймасының су төгуді азайтып, жинақтау режимінде жұмыс істейтінін жеткізді.
Басқарма Қапшағай су қоймасының тайыздануына алаңдауға негіз жоқ деп түйіндеді. Айтуларынша жағдай бақылауда, су қоймасы бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс істеп жатыр.
Айта кетейік, Қапшағай су қоймасының азайып тартылғанын көріп, тұрғындар арасында алаңдаушылық болған еді. Соған байланысты желіде түрлі видеолар тарады.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…