Оқиға

Қарқаралыда үш адамға қасқыр шапты

Алдымен зардап шеккен екі адам, содан кейін үш адам туралы хабарланды.

Желіде Қарқаралы қаласында қасқыр адамдарға шапқаны туралы ақпарат пайда болды.

Қарағанды облыстық ПД өкілдері бұл жағдайға түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

«Вечерняя Караганда» Telegram-арнасының ақпараты бойынша, бүгін таңертең қалада дүрбелең туған. Қасқыр таңғы алтыда Қарқаралының шетіндегі екі жалғыз жолаушыға шабуыл жасаған.

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы алдымен орталық аудандық ауруханаға екі әйелге қасқыр шапқанын хабарлады. Бірінің қолы жараланған, екіншісінің денесінде бірнеше жерден тіс ізі қалған.

Ведомство өкілдері бұл деректерді нақтылап, ауруханаға үш адам жүгінгенін айтты. Науқастар ем алып, құтыруға қарсы препараттар енгізілген, үшеуі де амбулаториялық емдеуге жіберілген.

Қарағанды облысының ПД өкілдері NUR.KZ тілшісіне полицейлер ветеринария органдарымен бірлесіп жабайы жануарды жою бойынша шаралар қабылдап жатқанын хабарлады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 часа ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

23 часа ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

24 часа ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

2 дня ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago