Фото: Polisia.kz
Қарағанды-Астана тас жолында 5 адам мерт болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
9 қазан күні сағат 15.00 шамасында Қарағанды облысы Осакаров ауданында «Қарағанды-Астана» тас жолында, Осакаров ауданынан 50 шақырым жерде «Ford Ranger» автокөлігінің жүргізушісі Қарағандыдан Астанаға қарай бағыт алып бара жатып, алдын ала болжам бойынша көліктің басқаруына ие бола алмай қаған. Салдарынан көлік жол жөндеп жатқан жұмыскерді соғып, кейін жол шетінде тұрған Камазға соғылған.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан жұмыскер, «Ford Ranger» автокөлігінің жүргізушісі және сол көліктің үш жолаушысы оқиға орынында қайтыс болды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345 бабы 4 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…