Қоғам

Қарағанды ауруханасында ер адам қателесіп салынған уколдың кесірінен көз жұмды

Қарағандыдағы облыстық клиникалық ауруханада дәрігерлер науқастың «Цеф-3» дәрісіне аллергиясы барына мән бермегендіктен, науқас анафилактикалық шок алып, мерт болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Патриот Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ер адамға ауруханада гемморойды алып тастау үшін ота жасау керек болған.

Мемлекеттік қызметтер порталы арқылы ағам жоспарлы түрде қаралды. Оған геморройды алып тастау үшін ота жасау керек еді. Ол дәрігерлерге Цеф-3 және новокаинге аллергиясы бар екенін айтты. Дәрігерлер қолына көк түсті жапсырма тағыпты, бұл осы препараттарға аллергиясы бар екенін көрсетеді. Бірақ медбике соған қарамастан, оған Цеф-3 уколын салды. Төрежан қызарып, тұншығып, көз жұмды, 

деді марқұмның ағасы Арман Мақашев.

40 жастағы Төрежан Мақашев қылмыстық атқару жүйесі департаментінде жұмыс істеген. Үш баласы жетім, әйелі жесір қалды.

Дәрігерлердің немқұрайлығынан ағам көз жұмды. Олар тіпті геморройды алып тастау отасын да бастамады! Науқастың Цеф-3 аллергиясы бар екенін біле тұра, қалай соны салады? Егер қарамайтын болса, несіне жапсырма тақты? Демек олар барлығына стандартты, бірдей жолмен дәрі бере салады! Бірақ адамдар әртүрлі, жеке аллергиялық реакциялары бар,

деді Мақашев.

Дәрігерлердің салғырттығы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қарағанды ​​облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қанат Абзалиевтің айтуынша, тексеру жүргізілген.

Анафилактикалық реакцияның дәрежесі өте ауыр болды. Тексеру кезінде ақаулар анықталды. Атап айтқанда, жедел жәрдем дәрігерлері, проктология бөлімшесінің меңгерушісінің міндетін атқарушы және медбикенің аллергологиялық анамнезді дұрыс жинамағаны анықталды. Хирургиялық науқастарға медициналық көмек көрсету сапасын бақылау жөніндегі ұйымдастыру-басқару жұмыстарының жеткіліксіз деңгейі және дәрігерлердің «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау туралы» заңының 115-бабының 2-тармағы, 1-тармақшасының талаптарын бұза отырып, дұрыс шешім шығармағаны анықталды,

деп түсіндірді Абзалиев.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

14 часов ago

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

4 дня ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 неделя ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 недели ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 недели ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 недели ago