Қарағанды ​​облысында Қарттар үйінің қызметкерлері сотталды

Қарағанды ​​облысы Абай ауданында Қарттар үйінің директоры мен қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шықты. 

Абай аудандық сотында екі әлеуметтік қызметкер мен қарттар үйінің директорына, пошташыға қатысты қылмыстық іс қаралды. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, әлеуметтік қызметкерлер қылмыстық келісімге келіп, өз бетінше қозғала алмайтын және ақшасын шеше алмайтын 24 зейнеткер мен мүгедектің зейнетақысын ұрлаған.

Қылмыстық жоспарды жүзеге асыру үшін олар ақша әкеліп тұратын «Қазпошта» қызметкерін тартқан. Әлеуметтік қызметкерлер қамқорлықтағы қарттардың зейнетақысын алып, қағаздарға жалған қолтаңбалар қойған.

Кейін мемлекеттік мекеме директоры өз қызметкерлерінің заңсыз схемасын біліп қойған. Ол қоластындағылардың әрекетін тоқтатудың орнына, олармен тіл табысып, өз үлесін алуды ұйғарған.

Нәтижесінде Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері қылмыстық топты әшкереледі. Ұсталғаннан кейін заңсыз әрекетке қатысқандар кінәсін мойындаған.

Үш тұлғаға жазаны өтеудің барлық мерзіміне пробациялық бақылау орнатылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Мекеме басшысы ұрланған мүлкінің он еселенген мөлшерінде айыппұлмен құтылған. Соттың үкімі заңды күшіне енді.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago