Қарағандыдағы әуежайға авиаотынды қымбаттатып сатқаны үшін 81 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қарағанды әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен «Сары-Арқа» әуежайы» АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 миллион теңге мөлшерінде монополиялық табысы тәркіленіп, 31 миллион теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды,
делінген Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті хабарламасында.
Сот қаулысы заңды күшіне енген соң, әуежай мемлекетке 50 миллион теңге мөлшерінде монополиялық табыс төледі.
Соттың ұйғарымы бойынша, әкімшілік айыппұл бөліп төленді. Бұл туралы, 30 қаңтарда әуежай департаментке растайтын құжаттары бар хат ұсынды. Осылайша, мемлекет кірісіне жалпы сомасы 81 миллион теңге айыппұл өндірілді.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…