Қоғам

Қарағандыда автобус жолақысы қымбаттады

3 маусымнан бастап Қарағанды мен серіктес қалаларға қатынайтын қоғамдық көліктердегі жол жүру құны қымбаттады.

Енді қарағандылықтар мен қала қонақтары автобустарда ONAY! электронды төлем жүйесі арқылы қолмақол ақшасыз 100 теңге, ал қолмақол ақшамен 200 теңге төлейтін болады. Бұған дейін тариф қолмақол ақшасыз 80 теңге, ал қолмақол ақшамен 160 теңге болған.

Еске сала кетсек, наурыз айында мәслихаттың кезекті сесиясында жолақыны көтеру жайлы шешім қабылданған еді. 

Жаңа тарифті мамыр айынан бастап қолданысқа енгізу қарастырылғанымен, кейінірек бұл шешім 1 айға шегерілді.

Қоғамдық көліктегі тариф 1 маусымнан бастап қолмақол ақшасыз 100 теңге және қолмақол ақшамен 200 теңге болатындығы жайлы хабарланған болатын. ONAY! электронды төлем жүйесіндегі техникалық баптаулардың жүргізілуіне байланысты тарифті көтеру 3 маусым дүйсенбіге ауыстырылған болатын. Бүгінгі күннен бастап қала ішілік және қала маңы автобустарындағы тариф өсті,

деп атап өтті Қарағанды қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Әсел Сәдуақасова.
Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago