Categories: Оқиға

Қарағандыда аялдамада отырған ер адамның үстіне найзағай түсіп қаза тапты

Қарағандыда 46 жастағы ер адам аялдамада өлі күйінде табылды. Болжам бойынша, ол найзағай соғып қайтыс болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Майқұдықтағы «Голубые пруды» аялдамасында 46 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Куәгерлердің айтуынша, ер адамды найзағай соққан. Алайда бұл нұсқаны полиция департаментінің баспасөз қызметі әлі растаған жоқ. Ведомство өкілдері өлімнің нақты себебін сот-медициналық сарапшылар анықтайтынын айтты.

Мәйіттің табылғаны туралы дерек тіркелді. Ер адамның жеке басы анықталды, ол 1977 жылы туған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оның өлімінің барлық мән-жайын анықтап жатыр. Мәліметтерді кейінірек хабарлаймыз,

деді Қарағанды ​​облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, кеше Қарағандыда қатты жаңбырдың салдарынан бірнеше көшені су басқан. Жаңбырмен қатар екпінді жел тұрып, күн күркіреп, найзағай ойнады. Ауа райының қолайсыздығынан Майқұдықтағы мектеп-интернаттың шатыры жұлынып, бірнеше шағынаудан жартылай жарықсыз қалды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago