Categories: Оқиға

Қарағандыда балалар уланған орталықтың басшысы мен 12 қызметкер жұмыстан шеттетілді

Қарағандыда балалар жаппай уланған орталықтың басшысы мен бірнеше қызметкері қызметінен босатылды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәлім етті.

Қазір бүкіл күш-жігер зардап шеккен балалардың денсаулығын қалпына келтіріп, жақсартуға бағытталған. Дәрігерлер бар мүмкіндікті пайдаланып жатыр. Әрине, аталған жағдай бойынша сұрақ көп, оның жауабын тергеуден кейін береміз. Мәселенің мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Сондай-ақ қылмыстық іс қозғалды. Орталықтың директоры міндетін атқарушы мен 12 қызметкер жұмыстан шеттетілді,

деді Ермағанбет Бөлекпаев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, орталыққа басқа медициналық мекемеден мамандар тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 30-31 шілдеде Қарағанды облысының балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қызмет алып жатқан 12 мүгедектігі бар бала Қарағанды қаласының көпсалалы балалар ауруханасына жатқызылды.

Оның ішінде 2009 жылы туған бала қайтыс болды.

1 тамызда медициналық көмек көрсету үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан тағы 2 бала келіп түсті.

Осылайша қазіргі уақытта ауруханада 13 мүгедектігі бар бала ем қабылдап жатыр.

Қарағанды облысының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында жоғарыда аталған 13 баладан басқа тағы 147 мүгедектігі бар бала тұрады.

Сондай-ақ 42 бала күндізгі қызметтерді алады.

Дәрігерлер Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында уланған балалардың жағдайына түсініктеме берді.

Қазіргі уақытта біздің орталықта 9 бала емделіп жатыр, 4 науқас реанимация бөлімінде жатыр, олардың барлығы аппараттық басқару арқылы тыныс алуда, яғни инвазивті желдеткіште. Балалардың жағдайы өте ауыр, қазіргі уақытта олар барлық қажетті қарқынды, этиопатогенетикалық терапияны алып жатыр. Біз барлық биологиялық сұйықтықты зерттеуге алдық, яғни барлық вирустар, барлық бактериялар және мүмкін басқа экзогендік заттар тексеріліп жатыр және нәтижелер бойынша біз нақты мәлімет аламыз,  

деген болатын.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago