Оқиға

Қарағандыда жүкті әйел өзінің тірі екенін дәлелдей алмай жүр

Бұл жағдайдың кесірінен ол жәрдемақы ала алмайды. Болашақ ана тірі екенін дәлелдей алмай әлек, деп хабарлайды Azattyq Ruhy  КТК арнасына сілтеме жасап.

Әйел оны өлілер қатарына кіргізген адамның жазалануын талап етіп отыр.

Мамандар менің өлгендер тізімінде екенімді айтты. Картам, арнайы шоттарым бұғатталған. Карта әлі бұғаттаулы, мені өлгендер тізімінен алып тастамай жатыр. Енді декреттік төлемақы ала алмай қаламын. Перзентханаға дайындалу қиын болмақ. Жүктіліктің 36-аптасындамын, балаға бесік, арба сатып ала алмайтын болдым,

деді қарағандылық Надежда Липина.

Липина қайғылы тізімге бірінші рет еніп отырған жоқ. Өткен жылы жеке куәлікті ауыстырған кезде ол өлілер қатарына кіргізілген. Сол кезде өзінің тірі дәлелдеу үшін қарағандылық арнайы мәлімдеме жазды. Бұл жолы бәрі әлдеқайда күрделі.

39 жастағы жүкті әйел базадағы қатені шешу үшін жәрдемақы төлейтін бірнеше мекемені айналып өтуге мәжбүр болды. Әйел жақын арада туатын нәрестені қалай тіркейтіні туралы алаңдай бастады.

Бұл техникалық ақау болуы мүмкін, басқа түсіндірме бере алмаймын. Қазіргі уақытта бұл мәселе шешілуде. Маманмен бірге қайтадан төлем алуға өтінім жазылды,

деді Қарағандыда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша № 3 бөлім басшысы Ольга Баграй.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago