Атақ және ақша

«Арақ ішпегенімде қазіргіден де зор болар едім» – Қалдыбек Құрманәлі

Танымал сазгер, хит әндердің авторы Қалдыбек Құрманәлі ащы суға жақын болғанын жасырмады.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Qasqa Jol” арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Өнер иесіне әріптестері қанша ақыл айтса да тыңдамаған көрінеді. 20 жыл бойы ащы судан бойын аулақ ұстай алмаған.

Биыл арақты қойғаныма – 24 жыл. 14 жасымнан бастап, дәмін таттым. Арақты соңғы ішкен күнім – 2000 жыл, 29 ақпан. 34 жасымда түбегейлі қойып кеттім. Менің қызба мінезімді көріп, жұрт ішіп алған деп ойлайды. Ішіп жүріп, көп дүниеден қалып кеттім. Өнердегі әріптестерім де біраз ақыл айтты. Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова талай рет оңаша шақырып алып, ұрысты. Қоя алмадым. Марқұм Мәдина Ералиева әпкем ішіп жүргенімді көріп, қатты уайымдайтын еді. Ішіп алған кезде елге қырғидай тиіп, қазіргі мінезімнен де зорын көрсететін едім. Мені қонаққа шақырған адамдар алдыма шөлмекті дайындап қоятын. Тіпті, үйге қонақ шақырсақ, өзім бірінші тойып алушы едім. Ішкілікке салынғанымның деңгейі сондайға дейін жеткен. Бірақ ішіп жүріп те ән жазып жүрдім. Сазгерліктен ажыраған жоқпын,

деп еске алды композитор.

Сонымен қатар, ішкіліктен қалай арылғанын да айтып берді. Айтуынша, бәрі адамның ішкі ерік-жігеріне байланысты.

Бір күні арақты қоймасам, адам ретінде құрып кететінімді түсіндім. Арақ немесе өнер деген таңдау тұрды. Ақын ретінде өзімді сезініп, қазақ өнерін дамытуды ойладым. Содан кейін арақты аузыма алмаймын деп өзіме серт бердім. Не бір адамдар арақтың кесірінен дүниеден өтіп кетті. Оның үстіне, ауылға көшіп бардым. Әке-шешемнен қалған қара шаңырақта тұрып жатырмын. Ауылдағы қолы бос адамдармен ішіп жүрсем, өсекке қаламын. Осының бәрі өмірімнің өзгеруіне ықпалын тигізді. 4 ұл, 1 қызым бар. Олар да ержетіп келеді. Балаларымның болашағын ойладым. “Қалдыбектің ұлы, әкесі алқаш еді” деген балаларымның артынан сөз ергенін қаламадым. Атақты адамның ұрпағы болу қиын,

деп жан сырын ақтарды сазгер.
Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

5 дней ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

6 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 неделя ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 неделя ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 неделя ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago